Инвестициялық дауларды қарайтын судьялардың атына алғыс айтылды
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановтың және Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы Тлектес Бәрпібаевтің атына «Еуразиялық Топ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен инвестициялық дауларды қарайтын елордалық соттың судьяларына алғыс лебізі білдірілген хат түсті.
Азаматтық процестік кодекстің нормаларына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының соты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарауына жатқызылған істерден басқа инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың қағидалары негізінде қарайды, сондай-ақ инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзге де даулар бойынша азаматтық істерді қарайды және шешеді.
Еуразиялық топтың кәсіпорындарында инвестордың инвестициялық қызметімен байланысты дауларды мемлекеттік органдармен сот арқылы шешу мүмкіндіктері қарастырылған. Хатта Нұр-Сұлтан қаласы сотында инвестициялық даулармен байланысты қаралған ондаған істің нәтижесі тек оң пікір қалыптастырғаны жайлы айтылған.
Еуразиялық топтың өкілі Н.В.Корольков хатта Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьялары Гүлнәр Төлегенқызы Әбдрахмановаға және Айман Бисенғазықызы Майқыбаеваға олардың жоғары кәсібилігі үшін алғыстарын білдіріп, инвестициялық даулардың жан-жақты, мұқият қаралатыны, тараптарға іс бойынша толық дәлелдемелер ұсыну мүмкіндігінің қамтамасыз етілетіндігі тілге тиек етілген.
«Істі қарау және шешім шығару барысында Г.Т.Әбдрахманова, А.Б.Майқыбаева салық, кеден және экологиялық құқық секілді күрделі салалар бойынша жоғары білім деңгейі мен кәсібилігін көрсетеді, ал бұл істі қысқа мерзімде қарауға ықпал етеді»,- делінген хатта.
Еуразиялық топ өз кезегінде ынтымақтастыққа дайын екендерін жеткізіп, Нұр-Сұлтан қаласы сотының жұмысы Қазақстан Республикасының инвестициялық климатының жақсаруына баға жетпес үлес қосып отырғанын қоса айтты.
Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]