Елордалық соттардың 2019 жылғы 1-жартыжылдықта атқарылған жұмысы қорытындыланды
Нұр-Сұлтан қалалық сотында елорладық соттардың кеңейтілген кеңесі өтті. Кеңес жұмысын Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тлектес Бәрпібаев ашты. Жиынға сондай-ақ, ҚР Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов, алқа төрағалары, елордалық сот судьялары, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Ренат Тауымбеков қатысты.
Жиынды аша отырып, қалалық сот төарағасы Тлектес Бәрпібаев соттар жұмысының нәтижелерін және келесі жартыжылдықта соттар жұмысындағы негізгі міндеттерді айтып өтті.
Төраға айтып өткендей, азаматтық істердің 78 %, қылмыстық істердің 11 % электрондық түрде қаралды. 21 қаңтардағы заңға енгізілген өзгерістерге байланысты азаматтық іс жүргізу бойынша түскен арыз-шағымдар өткен жылмен салыстырғанда 8,2 % (3 607 іске) азайды. Сондай-ақ ол банктік қарыз шарттары бойынша даулардың 18 %-ға артқанын тілге тиек етті.
Өз баяндамаларында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Алма Есымова, азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Қуанышбай Әлжіков бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот төрелігін іске асырудағы сандық және сапалық көрсеткіштері туралы нақты ақпараттандырып, ең өзекті мәселелерді атап өтті.
Кеңесте аталған статистикаға сәйкес, бірінші сатыдағы соттар, есеп беру кезеңінде 42 789 азаматтық істі қарап аяқтаған, бұл көрсеткіш 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 749 іске немесе 8,8% іске азайған. Азаматтық істерді қарауда басты жүктеме қала бойынша азаматтық істерді қарайтын Алматы аудандық сотына 6 191 іс немесе 15,9%, Есіл аудандық соты – 9 933 іс немесе 25,3%, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 21,9% құрайтын 8 586 іс қараған және 28,1% құрайтын 10 997 іс қараған Сарыарқа аудандық сотына тиісілі, бұл осы соттардың мамандандыруларымен байланысты. Талдамалы кезең ішінде 16 375 әкімшілік іс қаралған.
Бірінші сатыдағы қылмыстық соттар 1 713 адамға қатысты 1 424 қылмыстық іс қараған, оның ішінде бас бостандығынан айыруға 21,9% құрайтын 213 адамға қатысты үкім шыққан, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жазалау практикасының 5,4%-ға төмендегенін куәландырады.
Сыни ескертпелер азаматтық істер қарайтын соттар атына айтылды.
Жиынға қатысушылар жұмыстағы кемшіліктермен қатар құқық қолданудағы өзекті мәселелерді айтып өтіп, жұмыстың тиімділігін арттыру үшін басым міндеттерді алға тартты.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Ренат Тауымбеков өз бандамасында елорадық соттардың материалды-техникалық қамтамасыз етілуі жайлы ақпараттандырды.
Жиын барысында Мейрамбек Таймерденов «Елорда соттары үлгі ретінде болуы керектігін, әрбір судья өзін кәсіби жетілдіруді талап етуін, және шығарылған шешім үшін жеке жауапкершілік алып жүретінін жадыда ұстауын», - атап өтті. Ол сондай-ақ, ҚР Жоғарғы Соттың барлық пилоттық жобалары сынақтан өтетін елордалық соттардың маңызды рөлін айта келе, сот төрелігін іске асыру сапасын одан әрі жетілдіру, бірыңғай сот практикасын қалыптастыру бойынша бірқатар тапсырмалар алға қойды.
Жиын қорытындысы бойынша сот төрелігін іске асыру сапасын жақсарту және заңбұзушылықтың алдын-алу бойынша бірқатар тапсырмалар соттар алдына қойылды.
Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
2 пікір