СУДЬЯЛАРДЫҢ АТЫНА АЛҒЫС ХАТ
ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАСЫ ЖАҚЫП ҚАЖЫМАНҰЛЫНЫҢ және АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫ ТЛЕКТЕС ЕШЕЙҰЛЫНЫҢ пошталарына «International Law Company» халықаралық құқықтық компаниясының директоры К.С.Еспенбетовадан алғыс хат келіп түсті.
Хатта ол жеке тұлғалардан банктік шарт бойынша заем шартын ішінара жарамсыз деп тану және ұсталған қарыздарды қайтару жөнінде өтініштердің көп түсетіндігін, әрі осы екінші деңгейлі банктердегі несиелерге қатысты сотта қаралған істер бойынша өзінің алғысын білдірген.
К.С.Еспенбетова хатта Есіл аудандық сотының төрағасы Руслан Бақытжанұлына, судья Айгүл Дүйсенбекқызына азаматтық істерді созбалаңға салмай, жан-жақты қарағаны үшін өзінің ризашылығын білдірген. Ол істі қарау барысында судьялардың жақтардың құқықтарын түсіндіре келе, олардың өзара қарым-қатынасты бұзбайтын, ортақ ымыраға келтіре білгендігін тілге тиек етті.
Хатта судьялардың біліктілігінің нәтижесінде талапкер А.Калиеваның жауапкер «Еуразиялық банк» АҚ-на қатысты азаматтық іс бойынша дау медиация тәртібімен шешілген. Ортақ келісім негізінде талапкер аз уақытта төленген қаражат соммасын банктен қайтарып алу мүмкіндігіне ие болды.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]
30 пікір