Орал қаласының №2 сотында жер-құқықтық қатынастар саласындағы дауларды азайту мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді
Дөңгелек үстел жер қатынастары саласындағы даулардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру аясында өтті.
Жұмысқа судьялар, жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы саласындағы уәкілетті атқарушы органдардың өкілдері және Татуласу орталығының медиаторлары қатысты.
Бітімгер судьялар Ф.Сапарова мен С.Құрманбаеваның сөздері қызығушылықпен тыңдалды. Олардың пікірінше, жер даулары басқа сот өндірістерінің арасында маңызды орынды алады. Олар жер қатынастарына қатысушыларының (оның ішінде мемлекеттік органдардың) әрекеттері немесе олардың негізсіз әрекетсіздігі біреудің құқықтары мен мүдделерін бұзған кезде пайда болады. Мысалы, бұл жалдау тәртібін бұзу, учаскені заңсыз алып қою, учаскелердің шекараларын дұрыс белгілемеу болуы мүмкін. Сондай-ақ, мемлекеттік органдармен жекешелендіру, жерді бір санаттан екінші санатқа ауыстыру және жеңілдіктері бар азаматтарға учаске бөлу секілді келіспеушіліктер жиі кездеседі.
Дөңгелек үстел тақырыбына ерекше назар аудара отырып, оның қатысушылары талқыланып отырған мәселе бойынша пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.
Орал қаласының №2 соты
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]