Сот билігі және  БАҚ арасындағы байланыс

Сот билігі және БАҚ арасындағы байланыс

БАҚ-та жарық көрген әрбір ақпарат санаға әсер етіп,халықтың қызу талқысына түсетіні белгілі. Бір сөзбен айтқанда, БАҚ – күнделікті теледидар, радио, мерзімді баспасөз басылымы және интернет сайттар. Ал, оған қоса жаңа медиа мен жаңа ақпараттық технологиялардың ақпарат таратып, ақпарат жинақтауын да қосуға болады.

Соның  ішінде сотқа қатысты материалдар елді соңғы жаңалықтармен таныстырып қана қоймай, халықтың үшінші билікке деген сенімін қалыптастыруға ықпал ететіні мәлім.  Сот ұжымдары мен бұқарлық ақпарат өкілдері арасында қазіргі уақытта тығыз байланыс орнаған.  Халық пен билік арасына алтын көпір құру,  қоғамдық пікір қалыптастыру — Бұқаралық ақпарат құралдарының басты міндеті. Сондықтан, Қазақстанның тұрақтылығы, бейбітшілігі мен келісімі негізінен олардың азаматтық ұстанымымен тығыз байланысты. Іс-шара барысында тараптар соттардың қызметін жарықтандыру және сот процестеріне тілшілердің қатысуы кезінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылады. Сот пен бұқаралық ақпарат құралдарының көздеген мақсаты бір, яғни, еліміздің өсіп-өркендеуіне, озық отыз мемлекеттің қатарынан көрінуге үлес қосу. Сондықтан, БАҚ пен  байланыс  қай уақытта  да маңызды. БАҚ қоғамның айнасы іспетті.

Олай дейтініміз, кез келген  жетістікті паш етіп, олқылықты ашық көрсету барлық сала жұмысына әсерін тигізеді. Елбасы бұқаралық ақпарат құралдарының күш-жігері арқылы қоғамда сот билігіне жағымды және ілтипатты көзқарас қалыптастыру керектігін айтты. Осы себепті, біздің арамызда қызметтік әріптестік нық болуы керек.

Сот пен бұқаралық ақпарат құрал­дары бір-бірінен бөлек әртүрлі функ­цияларды атқара отырып, бір әлеу­меттік ортада, ортақ құқықтық кеңіс­тікте қызмет етеді. Олардың ортақ қасиеті бар, демократиялық мемлекетте бір құқықтық міндетті орындайды, яғни, қоғамдық мүддеге қызмет ете­ді. Дегенмен, олардың қызметінде көптеген жанасу мен қиы­сулар, кей жағ­дайларда қарама-қай­шы­лықтардың да орын алатыны бел­гілі. Солай болған күннің өзінде, олар бір-бірінен оқшаулануға, алшақ­тауға тырыспай, керісінше, әріптестік ынтымақтастықта қызмет етуге ықылас танытуы тиіс.Сот ор­гандарының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету мәселесінде бұқаралық ақпарат құралдары тұтынушылар арасында дәнекер ретінде өте маңызды рөлге ие.

 Жер жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін де БАҚ-тың теңдессіз үлесі бар. Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша.

К.Алдымжарова 

БҚО МАЭС-ның жетекші маманы                                                         

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.