Әкімшілік істер бойынша жаңа форматтағы сот қаулыларын әзірлеу және оларды түсіндірудің Әдістемелік ұсынымдар дөңгелек үстелде талқыланды.
Ақжайық ауданының №2 аудандық сотында прокуратура және полиция органдарының өкілдерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған жиында әкімшілік істер бойынша жаңа форматтағы сот қаулыларын әзірлеу және оларды түсіндірудің Әдістемелік ұсынымдар талқыланды.
Азаматтық, қылмыстық істерден әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің мәні бойынша қараудың ерекшелігі - қабылданатын сот қаулысы дереу жарияланып, бірден немесе аз уақыттың ішінде дайындалуы тиіс.
Сот актісінің мәтіні, әдеби тіл нормаларына сай және терминологиясы сақталып, мейлінше анық, нақты және түсінікті болып жазылуы, сонымен қатар, қаулы жария етілгеннен кейін қатысушыларға түсінікті тілмен түсіндірілуі тиіс.
Бұл орайда Жоғарғы Сот төрағасының бастамасымен судьялар тобымен дайындалған Әдістемелік ұсынымдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот қаулыларын құрылымы, мазмұны және формасы тұрғысынан сауатты әрі сапалы дайындау үшін көп септігін тигізеді.
Жыл өткен сайын сот ісін жүргізу саласында мемлекеттік тілдің қолдану аясы артып келеді.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Сот төрағасы Т.С.Гумарова кездесу соңында осы Әдістемелік ұсынымдар мемлекеттік тілдегі сот актілерінің сапасын жақсарту, оларды жаңа форматта тиісті түрде әзірлеуде маңыздылығына оң баға берді.
[xfvalue_img]