Мал ұрлығының жазасы қатаң
Мал ұрлығын жасағаны үшін қылмысы әшкерленіп, бас бостандығынан айырылып жатқандарға қарамай, өкінішке орай өңірлерде мал ұрлығы орын алуда.
Аудандық сотпен соңғы жылдары мал ұрлағаны үшін азамат У. – 6 жыл 6 айға, Х., У., – 5 жылға бас бостандығынан айруға сотталып, темір торда жазаларын өтеуде. Сотталған бірнеше адам жүріп-тұруы шектеліп, пробациялық бақылауда жүр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне өзгеріс енгізіліп, 2020 жылдан бастап мал ұрлығына қатысты жаңа бап енгізіліп, жазасы қатаңдатылды.
Қылмыстық кодекстiң 188-1-бабында мал ұрлағаны үшін жаза көзделген, онда мал ұрлаушы мүлкі тәркілене отырып 5 жылға дейiн, ал алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған не ірi мөлшерде жасалған жағдайда 7 жылға дейiн, бірнеше рет жасаған не тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған жағдайда 10 жылға дейiн, қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде жасалған жағдайда 12 жылға дейiн бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сондықтан мал ұрлығын жасамай тұрып, адам ұрлық - түбі қорлық екенін біліп, оның зардабын, жазасын, келешек өмірін, жақын туыстарының тіршілік жағдайын жете ойлануы тиіс.
Мал ұрлығының алдын алу маңызды іс болып табылады. Еліміздің барлық аумағында полиция ұрлыққа жол бермеу іс-шараларын жүргізуде. Өз кезегінде мал иелері де өз малдарын (мүліктерін) қараусыз қалдырмай қарап, таңбалап, құжат алып, қораларын бекітіп, бөгде, сезікті адамдарды байқаған жағдайда полицияға хабарлап, ұрлыққа жол бермеуге бірге барынша әрекет жасап, сақтық шараларын қолданғандары жөн.
Әйтеке би аудандық сотының төрағасы
Ж.Аятов
[xfvalue_img]
22 пікір