Сот саласындағы қазақ тілі

Сот саласындағы қазақ тілі

Казақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі – мемлекеттік тіл. Біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында және 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңында бекітіліп көрсетілген. Қазақ тілінің тарихы әр түрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.  

        Қазіргі таңда әрбір мемлекеттік орган тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ең алдымен мемлекеттік тілде жүзеге асыру міндет болып табылады.Тұңғыш Президентіміз Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында: «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деп қысқа, әрі нақты бағасын беріп, тіл болашағын айқындап қойды.

       Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметкер қай салада болмасын өзінің тіліне құрметпен қарап, іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізсе айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетініміз анық. Ана тіліміз әрбір ұлттың негізгі қасиетті белгісі, ұлттың жан дүниесі. Тіл тағдыры - ұлт тағдыры, ұрпақ тағдыры. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қазақ тілі, мемлекеттік тіл еліміздің барлық аумағында қолданыс үрдісінде кеңейді. Мысалы: Мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу, заң шығару, іс қағазын жүргізу салаларында кең өрісін алып келеді. Қай кезде болмасын тіл мәселесі– сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі.

        Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің дамуына тоқталатын болсақ, сот билігі – мемлекеттік биліктің бір тармағы болғандықтан мемлекеттік тілдің дамытуға мүдделі.Қазіргі таңда, тілді қолданудың аясы кеңіп келеді. Ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші. Осыны ескерсек, іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда, іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Яғни, ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді.

           Егерде әр Қазақстан Республикасының азаматы өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін оятып, мемлекеттік тілдің одан әрі дамуына аса жауаптылықпен қарап, күш-жігерін салса, өзара мемлекеттік тілде сөйлесіп, басқа ұлт өкілдеріне үйретіп, мемлекеттік тілді насихаттайтын мақалалар көптеп жазылса, мемлекеттік тілдің келешегі нұрлана түсері анық. Мемлекет басшысы айтқандай: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді».

 Мемлекеттік тілдің дамуына, қолданысқа толығымен, енуіне бір кісідей ат салысайық ағайын дер едім.

 

Калима Тайкенова

Орал қаласының №2 сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.