Эксаумақтық соттылық

Эксаумақтық соттылық

Эксаумақтық соттылық – сот жүйесіндегі соңғы жаңашылдықтардың бірі. Соттылық дегеніміз-сот ісін қарауға тиісті нақты соттың ұйғарымы. Соттылық кезінде аудандық және мамадандырылған соттардың құзіреттері ажыратылады; - аумақтық соттылық сот жұмыс істейтін аумаққа байланысты  сотты таңдау. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексі бойынша тараптардың өзара келісімі бойынша осы іс үшін, оның ішінде істі сот талқылауына дайындау сатысында соттың іс жүргізуіндегі істер бойынша аумақтан тыс соттылықты таңдау құқығын көздейтін нормамен толықтырылды. Эксаумақтық соттылық қағидаты талап қою немесе азаматтық іс республиканың барлық соттары арасында бөлінетін болады. Компьютерлік бағдарлама арқылы автоматтандырылған тәсілмен оның аумақтық орналасуына қарамастан, жүктемесі аз сот іріктелетін болады. Басқаша айтқанда, талап қоюшы мен жауапкер бір аумақта, ал сот басқа аймақта болатын жағдай мүмкін болады. Жаңашылдықтың мақсаты-сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сот жүктемесін бүкіл ел бойынша біркелкі бөлу. Жаңалыққа сәйкес тараптар даулар туындаған жағдайда істі құзыретті сот эксаумақтық   соттылыққа сәйкес шешетіні туралы дербес уағдаласа алады.

Істерді қарайтын судья тараптарға аумақтан тыс соттылық қолдану мүмкіндігін түсіндіреді.

Тиісті өтініш келіп түскеннен кейін, ол қаралғанға дейін іс ақпараттық жүйені автоматты түрде қайта бөлуге беріледі. Және дереу қайта бөлінеді.

Өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша судья дереу істі аумақтан тыс соттылығы бойынша беру туралы ұйғарым шағарады. Осыдан кейін электрондық тізімдемесі бар осы электрондық іс сол күні ақпараттық жүйе таңдаған басқа сотқа жіберіледі.

Тараптар ведомоствалық соттылықты немесе айрықша соттылықты тараптардың келісімімен өзгертуге болмайтынын, ведомоствалық немесе айрықша соттылықты өзгерту туралы шарттың талаптары елеусіз болатынын, яғни эксаумақтық соттылық –бұл бүкіл ел бойынша бірінші инстанция сотын оның мамандануын (аудандық, экономикалық, ювеналдық т.б.) ескере отырып, таңдау туралы шарт екенін ескеруі қажет. Аталған жаңашылдықты іске асыру сот төрелегін іске асыру процесіне ақпараттық технологияларды енгізуге байланысты мүмкін болады.

БҚО Казталов аудандық соты Әкімшісінің басшысы Қаженов Руслан Сайфетдинұлы                                                            

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.