«Тіл - ең асыл  рухани байлық»

«Тіл - ең асыл рухани байлық»

Біздің ата заңымызда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп жазылған.  Ана тіліміз – қазақ тілінде  қазақтың байтақ  даласы,  тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, сабырлы мінезі бәрі бейнелегендей. Тілсіз  қоғамның  қандай да түрі өмір сүре алмайды, тілдің өміршеңдігі  қоғаммен тығыз байланысты.

Қазақ тілі – қазақ  халқының басты раухани байлығы. Ата-бабымыздан қалған баға жетпес құнды мұра. Бүгінгі таңда қоғамда қазақ тілінің қолданысы қатты толғандырады. Өзге  ұлт түгіл  өз қазағымыздың қазақ тілінде сөйлей алмай тұрғаны  өкінішті.  Егер өз қазағымыз қазақ болып өз ана тілінде сөйлемесе, басқа ұлт өкілі қазақ тілін қайтсін. Қазақ тілінің бүгінгі  иесіде  қазақ, ертеңгі болашағы да қазақ ұрпағы.

Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің   мәртебесі, ертеңгі күннің кепілі.    

Сондықтан өз ана тілімізге  құрметпен қарап, қадірлеп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу әрбір мен қазақпын деген қазақ перзентінің міндеті деп білемін.

 Әрбір қазақ азаматы   ұлтының, елінің болашағын ойласа қазақ тілінің тамырына балта шабудың алдын алып,  жұртшылықтың оған сенімінің нығайуына, оның өміршеңдігін дамытуға  өз үлестерін қосуы қажет.

Тіл- халық  қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деген  қазақтың нақыл сөзінде айтылғандай  тілдің  құдіретін  әрбір қазақ   сезіну керек.

Тілдің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз.Тілдің құндылығын меңгеруде отбасы, яғни, ата-ана мен білім ошақтарының рөлі ерекше, әр отбасы бесіктен бастап ұрпаққа қазақ тілін үйретуді қолға алу басты мақсаттың бірі.  Тілге деген құрмет – халыққа  деген құрмет. Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып, қадірлей білуі тиіс. Тіл мәртебесі ел мерейі.

Ана тілін жақсы білу әрбір қазақстан азаматының борышы, қоғамда атқаратын қызметтің тірегі. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.         

Сондықтан тіл тағдыры – ел тағдыры екенін жадымыздан шығармай, мәртебесін үстем етіп, еліміздің мерейін көтеріп, тіліміздің рухын биік ұстайық дегім келеді. 

Ырғыз аудандық соты Әкімшісінің кеңсе бас маманы  сот отырысының хатшысы Н.Б.Қуандықов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.