Тіл – ұлттың рухани болмысы

Тіл – ұлттың рухани болмысы

Қазақстан Республикасының Егеменді, Тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі – мемлекеттік тіл. Ал мемлекеттік тіліміз, қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи жады, рухани мұрасы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Қазақ тілі – тарихты бойына жинаған, талай ғасырлық тіл. Оның әрбір сөзінен халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі көрінеді.

Мемлекеттік тіл – халықты біріктіретін, елдің ұлттық болмысын айқындайтын мемлекеттің маңызды нышандарының бірі, мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекеттік тілді жетік білу бүгінгі күні әр мемлекеттік қызметкердің алдына қойып отырған өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау, сот жүйесі өкілдерінің мемлекеттік тілді жетік меңгеруі, тілді дамытуға әрбір мемлекеттік қызметкер өз үлесін қосуға міндетті. Себебі, азаматтардың өтініштері мен құжаттарының қаралуы, құқықтық ақпараттың халыққа түсінікті жеткізілуі, мемлекеттік органдармен қарым қатынасы тілдік қолжетімділікпен тікелей байланысты.

Қазіргі таңда әрбір мемлекеттік орган тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ең алдымен мемлекеттік тілде жүзеге асыру қажет. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Бүгінгі таңда елімізде тілдер қолданысының дамуын іске асырудың құқықтық негіздері қалыптасты. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекетті тіл – қазақ тілін қолдану мен оның талап етілуі де күннен-күнге артып келеді. Бұл қуанарлық әрі құптарлық жәйт. Көптеген мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы іс-қағаздарының екі тілде, мемлекеттік және ресми тілде жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік тілдің әлеуетін іске асыру мен оның қолданылу аясын кеңейтуді үнемі назарда ұстап отырудың маңызы зор.

Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі – әлемдегі барлық мемлекеттік тіл сияқты өзінің егемендігін алған тіл. Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызмет және қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласының барлығында да батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажетіне айналдыру.

Қазақстанда тұратын әрбір азамат мемлекеттік тілді білуге міндетті. Тілге деген құрмет, халыққа деген құрмет. Сондықтан бүгінгі міндет – қазақ тілін өмірдің барлық саласында ортақ қолданылатын қажетті әрі мәртебесі жоғары тіл деңгейіне жеткізу.

Сонымен сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Демек, әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл тағдыры ‑ ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық ағайын!

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сотының төрағасы Р.К.Кыдыралин

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.