Әкімшілік іс жүргізу кодексінің қағидаттары

Әкімшілік іс жүргізу кодексінің қағидаттары

Мемлекеттік-құқықтық дауларды қараудың жаңа механизмі азаматтардың мемлекеттік басқару жүйесіне сенімін арттыруға көмектесетін ережелерді қамтиды. Әкімшілік рәсімдердің міндеттері: жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін жүзеге асыру, жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу, тиімді және ашық мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету және мемлекеттік құқықтық салада заңдылықты нығайту.

Әкімшілік іс жүргізудің міндеті – жария-құқықтық  қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін уақтылы қорғауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ету. Әркімнің бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқығы бар. Сонымен қатар егер заңда дауды шешудің сотқа дейінгі тәртібі белгіленсе, осы тәртіп сақталғаннан кейін сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Жаңа түрдегі сот ісін жүргізудің маңызды құралы оның принциптері болып табылады. Әкімшілік орган немесе лауазымды адам өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырғандағы заңдылық принципі.

Әділдік принципі әкімшілік істі қарау кезінде әкімшілік орган, лауазымды тұлға және сот объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, әкімшілік іске қатысушылардың әрқайсысына өз құқықтарын жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктер мен жағдайлар жасауға, дауды әділдік пен парасаттылық критерийлері негізінде шешуге міндетті екенін болжайды. Жоғарыда айтылғандардан шығатыны, әкімшілік орган мәселені қараған кезде өз құзыреті мен заңмен шектеледі, ал сотта әділдік пен парасаттылық критерийлерінен шығуы керек. Әкімшілік актінің осы өлшемдерге сәйкес келмеуі оның күшін жоюға әкеп соғады.

АППК-нің 12 бабына сәйкес құқықтардың басымдылығы қағидасы Қазақстан Республикасының әкімшілк рәсімдер туралы заңнамасындағы барлық күмәндердін, қайшылықтардың және түсініксіздердің әкімшілік іс жүргізуге қатысушының пайдасына түсіндірілуін білдіреді. «Сенім құқығын қорғау» қағидасы назар аударуға тұрарлық, оған сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам немесе сот заңға сәйкес өзгеше  белгілемейінше әкімшілік акт немесе әрекет (әрекетсіздік) заңды болып саналады. Заңсыз әкімшілік акт, сондай-ақ заңсыз әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік іс жүргізуге қатысушы үшін ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін емес. Заңсыз ауыртпалық туғызатын әрекет кез келген жағдайда жойылуы керек.

Сенімділік принципі. Әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы ұсынған материалдар, заттар, құжаттар мен мәліметтер әкімшілік орган немесе лауазымды адам өзгеше белгілегенге дейін дұрыс деп танылады. Олардың шынайылығына күмән туындаған жағдайда, әкімшілік орган немесе лауазымды адам олардың түпнұсқалығын дербес тексеруге міндетті. Осылайша, мемлекеттік органға жүгінген адам өзінің заңды ұстанымына негізделген дәлелдемелердің дұрыстығын дәлелдемейді, ал әкімшілік істі қарайтын орган керісінше дәлелдемейінше, оған күмән келтіруге құқығы жоқ. Сот ісін жүргізудің принциптері – сот төрелігін жүзеге асыру процесінің мәні мен мазмұнын, мақсаты мен әдістерін айқындайтын негізгі принциптер. Әкімшілік іс жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады.

Судья әкімшілік істің факті және (немесе) заңды жақтарына байланысты құқықтық негіздемелер бойынша өз алдын ала заңдық пікірін айтуға, өз бастамасы бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелер жинауға, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу мәселелерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді жасауға құқылы. Әкімшілік іс жүргізу және әкімшілік іс жүргізу принциптерін бұзу оның маңызы мен сипатына қарай әкімшілік актілерді, әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға, сондай-ақ сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Принциптерді қатаң сақтау мемлекеттік орган мен соттардың жұмысын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін шынайы қорғауға алып келеді. 

БҚО Казталов аудандық сот Әкімшісінің басшысы Қаженов Руслан Сайфетдинұлы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.