Жаңақала аудандық сотының 2026 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша ақпараттық порталға арналған брифинг

Жаңақала аудандық сотының 2026 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша ақпараттық порталға арналған брифинг

Жаңақала аудандық соты: 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы қорытындыланды

Жаңақала аудандық сотында 2026 жылдың алғашқы алты айындағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыланып, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша негізгі көрсеткіштер сараланды.

Азаматтық істер бойынша

Есепті кезеңде сотқа 235 талап арыз түсіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға артты (2025 жылы – 177 арыз). Қозғалған азаматтық істер саны 163-ке жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға көбейді.

Алты ай ішінде 172 азаматтық іс аяқталды, оның ішінде:

99 іс шешім шығарумен аяқталды;

42 іс сот бұйрығын шығару арқылы қаралды;

69 іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды;

98 талап қанағаттандырылды.

Есепті кезеңде азаматтық істерді қарау мерзімдері бұзылған жоқ. Қабылдаудан бас тартылған арыздар тіркелмеген. Апелляциялық сатыда қаралған 1 азаматтық іс өзгеріссіз қалдырылды, ал кассациялық тәртіпте істер қаралған жоқ.

Қылмыстық істер бойынша

2026 жылдың алғашқы жартысында сот өндірісіне 9 қылмыстық іс түсіп, олар 15 тұлғаға қатысты болды.

Барлығы 9 қылмыстық іс аяқталды, оның ішінде:

6 тұлғаға қатысты 5 іс бойынша үкім шығарылды;

4 іс соттылығы бойынша жолданды;

есепті кезең соңында 1 іс өндірісте қалды.

Тергеу судьясының өндірісінде 11 санкциялау туралы өтініш қаралып, оның 6-уы қанағаттандырылып, 2-еуі қанағаттандырудан бас тартылды.

Апелляциялық және кассациялық сатыларда қылмыстық істер бойынша шағымдар тіркелмеді. Жеке қаулылар шығарылған жоқ.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер

Есепті кезеңде сотқа 130 әкімшілік іс түсіп, оның 117-сі қаралды.

Қаралған істердің нәтижесінде:

105 тұлғаға әкімшілік жаза қолданылды;

4 іс қысқартылды (оның ішінде 2 іс медиация тәртібімен);

есепті кезең соңында 18 іс қалдықта қалды. 

Тағайындалған әкімшілік жазалар:

айыппұл – 43;

ескерту – 3;

әкімшілік қамақ – 47;

Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу – 2;

қоғамдық жұмыстар – 10.

Әкімшілік істер бойынша 2 жеке қаулы шығарылды. Апелляциялық тәртіпте қаралған 2 әкімшілік іс бойынша сот актілері өзгеріссіз қалдырылды, кассациялық сатыда істер қаралған жоқ.

Сот қызметінің сапасы

Есепті кезеңде сот төрелігін жүзеге асыру барысында істердің қаралу мерзімдерінің сақталуына және қабылданған сот актілерінің сапасына тұрақты бақылау жүргізілді. Судьялар сот шешімдерінің мазмұны мен құқықтық негіздерін азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Жаңақала аудандық соты алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау және сот қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Жаңақала аудандық сот әкімшісі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Pasquale 7 августа 2026 23:52

    "Der 10% Cashback-Bonus ist der Hammer und Instant Casino Einzahlung Gebühren Casino hat sogar schnelle Auszahlungen." Diese schnellen Spieloptionen sorgen für Action und sofortige Ergebnisse -
    ideal für alle, die dynamisches Gameplay
    lieben. Die mobile Plattform ist sehr gut optimiert, mit schnellen Menüs und stabilen Live-Casino-Streams.

  2. аватар
    Bess 8 августа 2026 14:18

    Zusätzlich zu den Freispielen erhältst du einen 400% Einzahlungsbonus bis zu 80€, der dein Startguthaben deutlich erhöhen kann.
    Neben den Gratis-Drehs bietet Jokerstar zusätzliche einen Willkommensbonus auf die erste
    Einzahlung an. Beim Willkommensbonus ist normalerweise zuerst eine Einzahlung notwendig, bevor du zusätzliches
    Bonusguthaben oder Freispiele erhältst. Wir prüfen genau, ob Umsatzanforderungen realistisch erfüllbar
    sind, wie viel Zeit dir für das Freispielen bleibt und
    wie unkompliziert sich Promotionen aktivieren lassen. Novoline ist eine
    der bekanntesten Online Spielotheken und richtet sich klar an … Unser
    Ziel ist ein klarer Überblick, damit du schneller den Anbieter findest, der zu dir passt.



    References:
    s3.amazonaws.com

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.