Сот төрелігінің қорытындысы өткізілді
Бәйтерек аудандық сотының төрағасы Әсел Мәженова статистиканы және аудандық сотта істерді қарау тәжірибесі туралы айтып, даулардың неғұрлым жиі санаттарын, оларды шешу тәртібін, қарау нәтижелерін ішінара атап өтті.
Төраға, сот азаматтық даулар бойынша сот медиациясының рәсімін табысты іске асырылып жатқанын атап өтті, мысалы: қаралған 202 істің ішінен татуластыру рәсімдерін жүргізу және істерді сот талқылауына дайындау сатысында 97 іс аяқталды, негізінен бұл шарттық міндеттемелер саласындағы даулар.
Заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы 9 іс аяқталды (еңбек қызметі фактісі, әке болуды тану фактісі, туыстық қатынастар фактісі, құжаттардың тиесілілігі фактісі және т.б.).
262-ден 49 талап арыз қайтарылды, қайтаруға негіз болған себептер: талапкер дауды сотқа дейінгі немесе соттан тыс реттеу тәртібін сақтамады, іс соттың қарауына жатпайды, талапкер талап арызды қайтару туралы арыз берді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар.
Негізгіістер,отбасылық-тұрмыстыққатынастарсаласындағы құқыққа қайшыәрекеттер,барлығы- 138 істің16-ы.Сондай - ақ,маскүйіндекөлікқұралдарынбасқарғаны үшін - 20 іс,кәсіпкерлікнемесеөзге де қызметпен айналысқаны,сондай-ақ тиістітіркеусіз,рұқсатсызнемесехабарламажібермей іс-әрекеттерді(операцияларды)жүзеге асырғаны үшін-25 іс қаралды.
Құқық бұзушылық жасаған адамдарға түрлі жазалау шаралары тағайындалады, мысалы: қамауға алу - 30, айыппұлдар-73, жалпы сомасы 9 222 512 теңге, көлік құралдарын басқару құқығынан айыру -18, ескерту - 4, ҚР шегінен шығару -2.
Қылмыстық істер.
Сот-17қылмыстықісті қарады (ұрлық-3,Көлікқұралдарынбасқаруқұқығынанайырылғанжәнеалкогольдік,есірткілікмаскүйінде жүрген адамның көлік құралын басқаруы -2,автомобильбасқарушысыадамныңжолқозғалысыережелерінбұзуы,абайсыздаадамденсаулығынаорташаауырлықтағызиян келтіруге әкеп соқтырған -3,лауазымдыадамғапара беру -1 және т.б.).
Бас бостандығынан айыру түрінде жаза – 4 адамға, бас бостандығын шектеу – 3 адамға, айыппұл – 4 адамға, жалпы сомасы – 825 700 теңгеге тағайындалды. Жәбірленушілерге өтемақы қорына – 554 400 теңге өндірілді.
Қазіргі уақытта сот барлық істерді электрондық форматта қабылдайды және қарайды, автоматтандырылған электрондық құжат айналымы 100% - ға енгізілді.
Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді нығайту және дамыту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Брифинг барысында төраға тілшінің сұрақтарына жауап берді.
БҚО, Бәйтерек аудандық соты әкімшісінің басшысы Ж.Б. Каримов
[xfvalue_img]
