Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі

Қазақстан Республикасы азаматтық процесстік кодексінің  13 тарауында оңайлатылған  (жазбаша)  іс жүргізу тәртібі қаралған. Судья істерді арыз қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды. Қаралған істер бойынша істі қарауға берілген бір ай мерзім сақталған.             

Сот, егер: тарап бұл туралы өтінішхат берсе, үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса, қарсы талап қою қабылданса, осы іс бойынша қабылданған сот актісімен басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін болса, дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәның айғақтарын тыңдау қажет болса, қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы ұйғарым шығарады.

         Істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы ұйғарымда іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер мен осы әрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Іс осы Кодексте тиісті санаттағы істер үшін белгіленген мерзімдерде қаралуға тиіс. Істі қарау мерзімі талап қою арызы алғаш қабылданған күннен бастап есептеледі

       Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен
қаралатын  істерге талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – екі мың айлық есептік көрсеткіштен, жеке кәсіпкерлер, азаматтар үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша, талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша, заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді орындау туралы, «Нотариат туралы» ҚР Заңында белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен нотариус куәландырған дауды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;5) тараптардың тапсырма шарты бойынша адвокаттың немесе адвокаттар мен тараптардың қатысуымен «Адвокаттық қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы, заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған кәсіпкерлік, инвестициялық қызметке байланысты даулар бойынша келісімдерді орындау туралы, заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған сақтандыру даулары және банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша келісімдерді орындаутуралы, заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы, заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған зияткерлік меншікке құқықтарды қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы, заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған неке-отбасылық қатынастар саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы, азаматтың абыройына, қадір-қасиетіне немесе iскерлiк беделiне және заңды тұлғаның іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді теріске шығаруды не бұқаралық ақпарат құралында жауапты жариялау туралы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы,  заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған өзге де келісімдерді орындау туралы істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

 

Мұғалжар ауданының № 2 аудандық  сотының бас маманы -сот  мәжілісінің хатшысы Г.Ж.Курбанова

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.