«Мемлекеттік тіл- ұлт мәртебесі»

«Мемлекеттік тіл- ұлт мәртебесі»

Еліміз тәуелсіздік алардың қарсаңында, 1989 жылы қабылданған Тіл туралы заңда:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі» деп тұңғыш рет атап көрсетіліп, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Қазақстан Республикасы Конститутциясының 7-бабында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл –қазақ тілі» екендігі баян етіліп, заңды түрде күшіне енді. Сөйтіп, қазақ тілі дамуының жаңа кезеңі басталған болатын.

Сол уақыттан бері қазақ тілінің тынысы ашылып, қоғам өңірінің бірқатар салаларында қолданыс аясы кеңейе түскені рас. Ең бастысы-ана тіліміздің тағдырына алаңдайтын халқымыздың үміті оянып, тіліміздің болашағына сеніммен қарайтын болды. Ендігі жерде қазақ тілінің заңдық мәртебесін алға ұстап, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы қызметіне қоятын талабы күшейе түсті. Мемлекеттік және өзін-өзі басқару орындарындағы тілге қатысты психологиялық ахуал күрт жақсарып кетпегенімен, азда болса оң өзгерістер бар екені анық.

Өз ұлтының қадір қасиетін ана тілі арқылы ұлықтап, ата-бабасының асыл аманатындай ардақтамақ. Ал, ұлан-байтақ аумақты алып жатқан Қазақстан Республикасы деп аталатын тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі болып саналатын ана тілімізде сөйлемей, өзге тілге басымдық беруіміз – елдігімізге сын, аманатқа қиянап болып табылатыны сөзсіз. Бүгінде, тіл заңының қабылданғанына 30 жылдан астам уақыт болды, әйтседе, ең бірінші тіл үшін күрес шарты-атадан қалған аманат ана тілі аясында өмір сұру. Онсыз тіл бұлағы тартылады. Тіл-ол тірі организм, ол тамыры соғып тұрса ғана тірі. Қолданбасаң құриды. Бұл қарапайым-қағида. Қазақ тіліне қатысты бұл бір ғасыр бойы көтеріліп келе жатырған сұрақтың бірі. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және қазақ тілінің рөлін сот ісін жүргізуде қолдану арқылы күшейту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Тіл халықтың  жан  дүниесі,рухани  негізі мен ел еркіндігін,ұлттың ұлылығын  танытатын басты  күш. Ұлт болмысын  ұғындырып, жалпы  жұртты  төңірегіне топтастырушы,біріктіруші ретінде  де саналады.

Сондықтан  мемлекеттік  тілді  білу  өмір  талабы,заман  сұранысы, қоғам  қажеттілігі деген жөн.

Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын  кеңейту  жолында әрбір Қазақстандық  өзінің  азаматтық  міндетін   атқарғанда  ғана ол нәтижелі  келеді.

Өзге өркениетті елдерде мемлекеттік тілдің мәртебесі қандай  болса, бізде де  сондай болады.Халықтың  мәдениеті оның   тілімен  жасалатыны белгілі. Тіл тек  қана қатынас  құралы емес,  ұлттың  бар сипатын  анықтайтын   оның негізгі кілті, дегеннің  өзі біраз  жайды  аңғартса  керек.

Мемлекеттік тіл - сол елдің халқын біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден- бір құрал. Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп те сезіне алмайды. Тарихтан да белгілі, қандай ел болмасын бостандық алғаннан соң ең бірінші мемлекеттік тілінің мәселесін шешеді. Қазіргі әлемдік бәсеке жағдайында күшті ұлттар ғана өз мүддесі үшін күресе алады. Күшті ұлт болу үшін күшті мәдениет жасау керек, Сонда ғана әлемдік өркениет кеңістігінен өзіне тиесілі орынды ала алады.

Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстандықтардың тілі. Сондықтан да «Мемлекеттік тілдің проблемасы – тек қазақ халқының ғана проблемасы» - деп қарауға болмайды. Әлемдегі барлық өркениетті елдердегідей мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет істейтіндердің бәрі бұл тілді білуге міндетті.  Оған қоса мәдениеті жоғары адам басқа тілдерді білуге өзі де ұмтылуға тиісті. Басқа шет елдерде халқының тілін білмесең, лауазымды қызметке орналасуды былай қойғанда, тіпті күніңді де көре алмайсың. Республикамызда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.

Қазақ тілі республика азаматтарын топтастырудың мықты іргетасы болары кәміл. Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны үйреніп, білуге бейім болғаны абзал. Өйткені, қазақ тілі - еліміздегі халықтардың басым бөлігінің тілі. Болашақта мемлекеттік тіл ретінде оның мәртебесі біздің елімізде қоғам биігінен көрінуге тиіс.

Қазақ – дана халық. Оған   қатты  айтсаң ақың  кетеді деген  тәмсілмен  жауап беруге болады. Тіл  мәселесі де осы  тәрізді.Ұлттың  болмысты  ұғатын  рух,қоғамдық  бағытты аңғаратын, ерекшелігін түсінетін, елжандылық асқақ сезімі  басым  көсегімізді көтереді. Мемлекеттік  тіл халықтың   қаны мен жаны саналатын   қазақ  тілінің абыройы мен беделі Қазақстандықтардың  міндеті, адами  борышы болуы  тиіс. Мемлекеттік тіл – мемлекеттікті  айқындайтын   факторлардың  бірі, әрі бірегейі. Еркіндікпен  теңдік берілгендіктен,  өзге қанша тіл білгің  келсе де біле бер, үйрен, оның  артықтығы жоқ. Бірақ, қазақ тіліне  деген басымдықты естен шығармауымыз  керек. Өйткені, қазақ  тілі басқа  елде  қолданылып, мемлекеттік тіл мәртебесіне  ие бола алмайды. Оның  Отаны –Қазақстан. Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев  атап  өткендей, «Мен қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл ретіндегі рөлі артып, этносаралық қатынастардың тіліне айналатын  кезең келеді  деп санаймын.

Бірақ бұл  деңгейге жету  үшін бәріміз  көп жұмыс істеуіміз керек.

Қазақ тілінің бай қоры  мен оның  ішкі мүмкіндіктері тұтынушының  тілдік  сұранысын   толық  қанағаттандыратын  мақсатқа жету  керек .

Бұл міндетті шешуге  Қазақстанда   тұратын  барлық  азаматтар  қосылуға тиіс»  Кеңес одағының батыры, Ұлы  Отан  соғысының  қатысушысы, жазушы  Бауыржан  Момышұлы  «Өз ана тілін  білмейтін адам – тамырын  білмейді»  деп атап өтті. Ана тілін білмейтін  адамдар өздерінің  тарихын, мәдениеті мен  дәстүрлерін білмейді. Сондықтан әр адам  тілді көздің қарашығындай  қорғауы керек. Мемлекеттік тілді білу — әрбір Қазазстандықтың  патриоттық  борышы деп санаймын.

Мемлекеттік тілдің абыройын асқақтату – әрбір қазақстандықтың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.

Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің не тұрып жатқан еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.

Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ұлт мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты.

Қазақстан - әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек.Ғалым Ә.Хасенов атап өткендей, «Қоғамсыз тіл болмайды, тілі жоқ қоғам – адамзаттың ешбір қауымы болмайды. Демек, қоғам үшін тіл керек; тілдің өмір сүруі үшін оның қоғамы болу керек. Бұл – ақиқат та тарихи шындық», яғни қоғамдық құрылыстың құрамды бөліктері тілтанымның универсалды әлеуметтік негіздерін анықтау үшін, ал тіл мен танымның ұғымдық бірліктері қоғамның даму сипатын айғақтау үшін аса қажет.

Қай мемлекет болмасын, оның ең әуелі ұлықтайтын тілі – мемлекеттік тілі. Тіл – әлемдік қоғамдастықтағы мемлекеттердің басты белгілерінің бірі әрі ұлт руханиятының алтын қазығы. Сондықтан, мемлекеттік тілдің дамуын жан-жақты қолдау баршамыздың абыройлы міндетіміз деп түсінген абзал..

Қазіргі таңда әрбір мемлекеттік орган тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ең алдымен мемлекеттік тілде жүзеге асыру міндет болып табылады. Еліміздің сот жүйесі Тәуел­сіздік жылдарынан бері терең реформаларды басынан өткерді. Бүгінгі күнде Жоғарғы сот төр­ағасы Жақып Асановтың басшы­лығымен сот төрелігі заман талабына сай жүргізіліп келеді. Елбасы алға қойған міндеттерді орындаумен қатар, елімізде сот жүйесінің өзіндік заңдық базасы қалыптасты. Жоғарғы сот төрағасының бастамасы аясында сот жүйесі одан әрі рефор­ма­­ланып, сот билігіне деген жауап­­кершілік те арта түсті, жаңа­шыл реформалар жүзеге асырылуда. Әділ сот жүйесінің жұмысы әлемдік стандарттарға сәй­кестендіріліп, соттың тәуел­сіздігін кепілдендіретін құқық­тық тетіктер енгізіліп жатыр. Елі­мізде соттан ашық, сот­тан жария бірде-бір мекеме жоқ десем, қателеспеймін. Халық­тың сот­қа деген көзқарасы жақ­сар­ды. За­манмен бірге заң­ның өзгергенін халық біліп те, көріп те жүр. Жоғарғы сот тара­­пынан судьялыққа үміт­кер­­лер­ді іріктеу кезінде қазақ тілін меңгерген, іс қарай біле­тін тұл­ғаларға ба­сым­дық бере­тін­дігі, соңғы кезде судья ретінде таға­йын­далған, сот төраға­лығына ұсы­нылған тұлға­лар ара­сында мем­лекеттік тілді мең­герген тұл­ғалар санының өсіп келе жатқан­дығы қуантады.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің дамуына тоқталатын болсақ, сот билігі – мемлекеттік биліктің бір тармағы болғандықтан мемлекеттік тілдің дамытуға мүдделі. Қазіргі таңда, тілді қолданудың аясы кеңіп келеді. Ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші. Осыны ескерсек, іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда, іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Яғни, ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Сондықтан мемлекеттік тілді үйретуге арналған арнайы тегін курстар мен тіл үйрету орталықтары жұмыс істеуде. Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Яғни елімізде тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді.

Жалпы, мемлекеттік тілдің дамуы­на бірінші кезекте мем­лекет­тік қызметшілердің тигі­зер көмегі мен ықпалы зор. Өйт­кені, мемлекеттік саясатты іс жүзіне асыратын негізгі буын осы болғандықтан, қара­па­­йым халық, әсіресе жастар ше­неу­ніктерге қарайды, солар­дың кәсіби біліктілігіне қа­рап, би­лік­ті бағалайды, өз бола­ша­ғы­на қатысты бағыт-бағ­дарын, жос­парларын түзеді. Сон­дық­тан мем­лекеттік қызмет­шілер мем­­лекеттік тілде жетік сөйлеп, қыз­мет көрсетсе, қоғамда да мем­лекеттік тілге деген құрмет пен қажеттілік арта бермек.

«Қазақстан Республикасын­дағы Тіл туралы» Заңның 13-бабына сәйкес Қазақстан Рес­пуб­ликасында сот iсi мемлекетт­iк тiлде жүргiзiледі, ал қажет бол­ғ­ан жағдайда, сот iсiн жүр­гiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қол­данылады. Десек те, әлі де болса соттарда іс жүргізу көбінесе орыс тілінде өтетіні рас. Оның себебі АІЖК-нің 14-бабына сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді.

Егерде әр Қазақстан Республикасының азаматы өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін оятып, мемлекеттік тілдің одан әрі дамуына аса жауаптылықпен қарап, күш-жігерін салса, өзара мемлекеттік тілде сөйлесіп, басқа ұлт өкілдеріне үйретіп, мемлекеттік тілді насихаттайтын мақалалар көптеп жазылса, мемлекеттік тілдің келешегі нұрлана түсері анық.

Тіл тағдыры – ұлт тағ­дыры, отансүйгіштіктің, ұлт­тық намыстың мәселесі.

Сөз басында мемлекеттік тіл­дің дамуына мемлекеттік қыз­мет­шілердің ықпалы мен қосар үлесі зор деуіміздің мәнісі де осында жатыр. Сондықтан сотта істерді қарау барысында да мемлекет­тік тілдің қолданысына қыра­ғы болу қажет. Соның ішін­де мем­лекеттік қызметкерлер ана тілінде сөйлеп, ана тілінде сауат­ты жаза білуге, сөйтіп өз­ге ұлт өкілдеріне үлгі-өнеге көр­сетулері тиісті.

Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс - берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүруі мүмкін емес, ал тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл - қоғамның жемісі.

«Тіл туралы» заңда «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы» - делінген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты - оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық көрсетілген, Ата Заңымыздан туындаған «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз - тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру.

Қазіргі заман талабына сай қоғамның барлық саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатқаны аян. Осындай оңтайлы көзқарастың бүгінгі таңдағы сот жүйесіне де өз ықпалын тигізгені айқын. Соның нәтижесінде Казталов аудандық сотында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен сапасын көтеру бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

Қолданыстағы заң талаптарына сай елімізде сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер қолданылады. Сот ісін жүргізу тілі сотқа арыз берілген тілге байланысты белгіленеді. Сотқа қай тілде жүгіну, заңға сай азаматтардың өз құқығы, дегенмен мемлекеттік тілге құрмет көрсетіп, оны қолдану – әрбір қазақстандықтың міндеті.

«Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл»-Ахмет Байтұрсынұлы.

Мемлекеттік тіл- тәуелсіз елдің негізгі рәсімдерінің бірі. Сол себепті қазақ тілін терең меңгеру әр қазақтың, Қазақстанда тұрып жатырған әрбір азаматтың қасиетті борышы. Ата-бабамыз ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын, игі істерін, салт- дәстүрлерін, өсиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жеткізген. Сондықтан ана тілімізді білмей, ұлттық мәдениетті бойымызға сіңіріп жете меңгеру мүмкін емес. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың тілі- оның бақыты мен тірегі. Мемлекеттік тіл мемлекетіміздің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз- тіліміз. Тіл үшін күресуге міндеттіміз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам  болсақ та, тіліміз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуымыз керек. Себебі тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен маңызы зор. Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2009 жылдың 27 ақпанындағы «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы » № 36 өкімі республикамыздың барлық соттарында қолданылады.  Қазір іс-қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін есептік карточкалар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және шаралар хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі.Тіл туралы заңымыздың қағаз жүзінде қалмай, өмірінде нық қадам басып, ғұмыры ұзақ, болашағы жарқын болуы үшін күресе білейік. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті. Себебі- ана сүтімен дарыған тіл- ең басты байлығымыз.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Әкімшісінің сот отырысының бас маманы – хатшысы А.Ш.Досмурзина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.