Мемлекеттік тіл-мемлекеттіліктің ұлттық коды
Мемлекеттік тіл-қазақ тілін меңгеру-әрбір Қазақстан Республикасы азаматының парызы. Мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қажет болған жағдайда басқа тілдерге аударылады. Қазақ тілінің байлығы мен қабілеті әлем тілдерінің қай-қайсысын алсаңыз да, соларға лайық, пара-пар және оны осылай айтуға толық негіз бар. Сонау ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ұйытқы болған-оның қасиетті де киелі ғажайып тілі. Сол ғажайып қазақ тілінің мәртебесі қаншалықты деңгейде, оны дамытып нығайтуға қандай шаралар атқарылуда деген сұрақтар өз жауабын тапқандай.
Қандай мемлекет болмасын, ондағы мемлекеттік тілдің өмір сүріп, мемлекеттік тілін қолданып қоғаммен өмір сүріп, мемлекеттік тілді қолданып қызмет етуінің шарттарының бірі-тілді қолданушылар санының жеткілікті болуы.Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып отырған қазақ тілі –әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі бойыша алдыңғы қатарлы елдердің құрамына кіреді.
Ендеше, ана тіліміздің асылын талғай, бөтенін де тани білейік. Сөздің де жүйесі бар. Жүйесін тапқан сөз әрқашан да әсем бола бермек.
«Мемлекеттк тіл рухани байлығымыздың қайнар бұлағы, тәуелсіздігіміздің тірегі». Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі-мемлекеттік тіл өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқы ғана емес, Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық ұлт пен ұлыс өкілдері үлес қосып, оны меңгеруі қажет. Ол үшін ана тіліміздің қасиетін өзіміз біліп, оны қастерлеп, дәріптеп басқа ұлт өкілдеріне насихаттауымыз қажет деп білемін.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы: Уюмдасова Альмира Асқарқызы
[xfvalue_img]
