Сыбайлас-жемқорлық пен күрес!
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен қатар өткір тұр. Сыбайлас жемқорлық –бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы.
Мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың болуы елдің өсу деңгейін және ауқымының дамуын тоқтатады. Сондықтан кез-келген жағдайда елдің сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу және болдырмау басты міндет болып саналады.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс –қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Біздің қоғамда сыбайлас-жемқорлыққа орын жоқ.Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, еліміздің дамуына алға жылжуына азда болса көмек қолы ретінде сыбайлас-жемқорлықтың алдын салсақ, елімізге тигізер пайдамыздың сәлде болса көмегі болған іспеттес болып саналады.
Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күресу – бұл мемлекеттің ғана емес, барлық қоғамның міндеті. Біздің мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық әрекеттерді құру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы әрекет үшін оның қызметін өрістету, бағдарлау қоғам мен мемлекетті азаматтардың заңдық қызығушылықтарын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
Орал қаласының мамандандырыған тергеу соты әкімшісінің бас маманы, сот отырысының хатшысы Кенжебаева М.М.
[xfvalue_img]
