Заң мен тәртіп қоғам талабы!
Қоғамның тұрақты дамуы мен қауіпсіздігі заң мен тәртіптің сақталуына тікелей байланысты. Заң үстемдігі – құқықтық мемлекеттің басты қағидасы. Ал тәртіп – сол заңдардың іс жүзінде орындалуының көрінісі. Осы екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты және қоғам өмірінде маңызды рөл атқаратыны анық. Бүгінгі таңда заңға құрметпен қарау – әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрсеткіші. Заң талаптарын сақтау арқылы қоғамда әділдік, теңдік және тұрақтылықты қамтамасыз етеміз. Қоғамдық орындарда, жалпы мемлекетте құқық бұзушылықтардың көбеюі қоғамдық сенімге кері әсерін тигізіп, әлеуметтік тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. Мемлекеттік қызметшілер үшін заң мен тәртіпті сақтау – кәсіби міндет қана емес, сонымен қатар үлгі болу миссиясы. Олар өз қызметінде заңдылық, ашықтық, адалдық қағидаттарын басшылыққа алып, халықтың сенімін нығайтуы тиіс. Әрбір қабылданған шешім заң аясында, әділ әрі жауапты болуы қажет. Сонымен қатар, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру – маңызды бағыттардың бірі. Бұл ретте, жастарға құқықтық тәрбие беру, олардың заңға деген құрметін арттыру – болашақта құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жолы.Қорытындылай келе, заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі болып табылады. Әрбір азамат, әсіресе мемлекеттік қызметші, заң талаптарын сақтауды өзінің басты міндеті деп қабылдауы қажет. Тек сонда ғана біз әділетті әрі өркениетті қоғам құрып, мемлекеттік қызметтегі басты қағидаттарды сақтап, елімізге адал қызмет атқарудын басты ұстанымы болып есептеледі.
Сырым аудандың сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы А.Т.Ишангалиева
[xfvalue_img]
