Ұлыстың ұлы күні -Наурыз

Ұлыстың ұлы күні -Наурыз

Наурыз мейрамы - бұл көктем мейрамы ғана емес, әрі қазақ халықының Жаңа жыл болып келеді. Наурыз көп ұлтты еліміздің бірігіп тойлайтын — достық, бірлік, бейбітшілік мейрамы. Әрі барша мұсылман әлемі тойлайтын мереке. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні тойланып өтіледі Бұл мереке бұрыннан бері тойланып, әрі құпталып келеді. Бұл айда күн мен түн теңеліп, осыдан бастап күн жылына бастайды, әрі күн ұзарып, түн болса, керісінше қысқара бастайды. Барлық жанның қыстың суығынан құтылып, алдағы қуанышты күндерге үміт беретін, тәуелсіз қазақ еліміздің қуанышымен тойланатын нағыз мереке.

Әр мұсылман жаңа жыл мерекесінде әр дәстүрді киім-кешектерін киіп, дәстүрлы тағамдарын жасайды. Мысалы: қазақ халқы көже дайындап, дәстүрлі бауырсақтары мен ет асады. Ет сорпасына көже қайнатады. Наурыз көже дайындау да өте ерекше наным-сеніммен, әрі әдеп-ғұрыпен жасалады. Халқының ұғымында жеті мен тоғыз және қырық - аса киелі сандар деп есептеледі. Сол себепті наурыз көже де аса қасиетті тағам болып саналады. Оған қоса, ол - тоқшылық пен ырыс-құттың жоралғысы деп біледі. Әрі бұл мейрамда киіз үй құралады. Киіз үйге келуші әрбір қонақ Наурыз көже мен бауырсағынан ауыз тиеді. Киіз үй құрылуы да бір ерекше дәстүр болып келеді. Ол қазақ халқының байырғы тұрғый үйі. Оны құру және бұзу өте жеңіл болып келеді. Бұндай үйді ойлап табу себебі қазақ халқы көшпелі халық болу себебінен.

Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болуы, әрі барлығы тату болуы қажет.

Бұл мейрамды барлығы тойлап, аланға шығады. Алаңда Наурыз мерекесінде бүкіл қазақ жұрты тарихын еске түсіріп, өткенге саяхат жасайды. Ескі әдеп-ғұрыпты еске алып жаңартып айтылады. Ұлттық ойындар ойналып, көңіл көтеріледі. Алаңға алтыбақан қойылып, жастар мен балалар алтыбақанға мінеді. Сондықтан да киіз үйлер құрылып, ұлттық киімдер киіліп тойланады.

Қазақ жаңа жылында да «аяз ата» бар. Бірақ оны мұсылман халқы Қыдыр ата дейді. Егер аяз ата сыйлық сыйлайтын болса, Қыдыр ата бақыт, шатық пен құт-береке таратады. Менің ойымша, бұндай – сыйлықтан жақсырақ ешнәрсе жоқ. Өйткені одан артық еліміз бен халқымызға қажет сыйлық жоқ. Және асық ойыны да осы кезде ойналады. Бұл күні ат бәйгесі, көкпар, қыз қуу, балалар күресі тектес ұлттық ойындардан мен сайыстар құралады. Бұл ойындарды барлық қазақ ұлдары мен қыздары жақсы біледі, әрі ойнайды. Қыздар бұрым өріп, ер балалары ат жарыстырып, көкпар ойнайды. Наурыз мейрамында әркім жылы сезім мен махаббатты сезіне бастап, сағынышы мен жалынды қуанышымен мейрамды қарсы алады. Сол себепті қазақ халқы наурыз мерекесін асыға күтеді.

Қорыта айтқанда бұл мереке біздің еліміздің тәуелсіз екенімізді, әрі көп ұлтты, тату ел екенін білдіреді. Осындай қарым-қатынасты ұзағынан сақтап, бай ел болсын деп айтқым келеді. Қазақстанда тұрып жатқан барша халықты саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке жетелейік. 

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының бас маманы Г.Торжимбаева

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.