22 наурыз- Ұлыстың ұлы күні
Көпшілік қауым көктем мезгілін жақсы көреді,көктем мезгілі сондай адмға жайма шуақ көңіл сыйлайды. Қар еріп ағаштар бүршік атып, жер ана көгерім, құстар ән салып ауылымзда төрт түлік малымыз өріске шығып. Ел жұрт болып қуанып наурыз айын тойлауды бастап кетеміз Наурыз келді дегенше мереке келді десеңші. Наурыз айы қуаныштың айы десек артық айтқан болмас едік себебі. Наурыз айы сондай бір ай бұл ай қуаныш пен мерекеге толы ай.
Наурыз айын біз бір бірімізге алғыс айтумен бастаймыз. 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.
Одан келе бері әйелдер қауымын қуанышқа бөлейтін 8-наурыз халық аралық әйелдер күні. Аналарымызға құрмет көрсетіліп жүздерін қуаныш ұяалатуға асығамыз Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Бүгінгі күні Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан сал дәстүрлерінің бірі 14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Біреуге реніші бар адамдар бұл күні өкпесін ұмытып, ренжіскен адамына кіріп көріседі. Сөйтіп, арадағы суық қарым-қатынастың жібі үзіліп, көрісу күні адамдар бір-бірімен қайта табысады.
Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жылы - 22 наурыз мерекесін қарсы алады. Наурыз мерекесімен құтықтап ұлыс оң болсын ақмол болсын деп тілегімізді білдіріп жатамыз.Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Парсыша «наурыз» бірінші айдың бірінші күні дегенді білдіреді.
Күн мен түннің теңеліп, жер ананы тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.
Наурыз мейрамы аясында міндетті түрде атқарылатын рәсімдер баршылық. Мәселен, наурыз көже дайындалады, Бұл күн жер-жерде киіз үйлер тігіліп, ат бәйгесі, көкпар тарту, қыз қуу, палуандар күресі тектес ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылады. Наурыз мейрамында әркім жылы шырай сезіне бастап, сағынышты көрісулерімен, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алады.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын ағайын!
Н.Тұркменбаев
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының сот приставы
[xfvalue_img]
21 пікір