Қазақстан Республикасындағы сот қызметіндегі мемлекеттік тілдің рөлі
Қазақстан Республикасының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып табылады. Сонымен қатар мемлекеттік ұйымдарда қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі де қолданылады.
Мемлекеттік тілдің қолданылу тәртібі Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң арқылы реттеледі. Аталған заң мемлекеттік органдарға, оның ішінде соттарға, мемлекеттік тілді дамыту мен қолдануды қамтамасыз ету міндетін жүктейді.
Сот ісін жүргізудегі тіл
Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда сот өндірісі орыс тілінде немесе тараптардың өтініші бойынша басқа тілде жүргізілуі мүмкін.
Іс жүргізу тілін білмейтін тұлғаларға ана тілінде сөйлеу, түсініктеме беру және аудармашы қызметін пайдалану құқығы қамтамасыз етіледі. Бұл сот қорғауына конституциялық құқықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сот маманының міндеттері
Сот маманы:
- құжаттарды мемлекеттік тілде рәсімдеуге;
-ресми-іскерлік стиль талаптарын сақтауға;
-заң терминологиясының дәлдігін қамтамасыз етуге;
-аударма сапасын бақылауға міндетті.
Мемлекеттік тілді сауатты әрі бірізді қолдану сот актілерінің сапасын арттырып, сот жүйесіне деген қоғам сенімін нығайтады.
Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы Ж.Иммагамбетова
[xfvalue_img]
