Мемлекеттік тіл – ел болашағының кепілі
Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамында мемлекеттік тілдің орны ерекше. Қазақ тілі – елдің рухани негізі, ұлттық болмыстың айнасы және халықты біріктіретін басты құндылықтардың бірі.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Қазақ тілі бүгінде білім беру жүйесінде, мемлекеттік басқаруда және Қазақстан Республикасының сот жүйесі саласында кеңінен қолданылып отыр. Бұл – тілдің қоғамдағы маңыздылығының артып келе жатқанының айқын дәлелі.
Мемлекеттік тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттың жаны, тарихы мен мәдениетінің сақтаушысы. Тілді дамыту арқылы біз ата-бабамыздан қалған асыл мұраны келер ұрпаққа жеткіземіз. Сондықтан әрбір азамат мемлекеттік тілді құрметтеп, оны күнделікті өмірде қолдануға ұмтылуы тиіс.
Дегенмен, бұл бағытта шешімін күткен мәселелер де жоқ емес. Кейбір салаларда өзге тілдердің басымдығы байқалады, ал кәсіби терминология әлі де толық жүйеленбеген. Мұндай түйткілдерді шешу үшін мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, оны үйренуге жағдай жасау қажет.
Мемлекеттік тілдің дамуы – елдің дамуы. Тілге деген құрмет – елге деген құрмет. Сондықтан қазақ тілін дамыту – баршамызға ортақ міндет.
Қорытындылай келе, мемлекеттік тіл – ел болашағының кепілі. Оны дамыту мен қолдау – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.
БҚО, Жаңақала аудандық соты әкімшісінің басшысы С.Ж.Танатарова
[xfvalue_img]
