Сот арқылы азаматтардың құқықтарын қорғау
Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі. Бұл бағытта сот билігінің атқаратын рөлі ерекше. Сот – азаматтардың бұзылған немесе даулы құқықтарын қалпына келтіретін, заң үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз орган.
Азаматтар өз құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда сотқа жүгіну арқылы әділ шешім қабылдануына қол жеткізе алады. Сотта әрбір іс заң талаптарына сәйкес, тараптардың теңдігі мен жарыспалылығы қағидаттары негізінде қаралады. Бұл өз кезегінде азаматтардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етеді.
Сот арқылы азаматтардың еңбек, тұрғын үй, әлеуметтік, әкімшілік және қылмыстық құқықтары қорғалады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері немесе шешімдері де сот тәртібімен даулануы мүмкін. Бұл соттың азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық тепе-теңдікті сақтаудағы маңызын көрсетеді.
Қазіргі таңда сот жүйесінде цифрландыру кеңінен енгізіліп, онлайн сот отырыстары, электронды талап-арыздар мен сот актілеріне қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл азаматтардың сотқа қолжетімділігін арттырып, құқықтарын тиімді қорғауға жағдай жасайды.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы: А.А.Граф
[xfvalue_img]
