Тәуелсіздіктің тұғыры алтын

Тәуелсіздіктің тұғыры алтын

Тәуелсіздік! Ол ата-бабамыздың мыңжылдықтардан сыңсып жеткен арман  аңсауы, үміті мен сенімі. Ол-егемендік пен дербестіктің самал желі, азаттықтың алтын шуағы. Ұрпақ болашағы. Еліміз тәуелсіздіктің, бесігінде тербелгелі отыз төрт жыл.  Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, әлем елдерімен достық қарым-қатынас жасасып, өз алдына зайырлы ел болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған Қазақстан ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы қалыптасқан елге айналды. Желтоқсан желімен ызғарына, қарсы тұрған кешегі аға-әпкелеріміздің рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Тәуелсіздік ащы термен келген тәтті жеңіс.

Тәуелсіздігіміздің көмегімен халқымыздың тәуелсіздік нышандары бой көтерді.

Туым-теңдігім,

Елтаңбам-елдігім.

Әнұраным-айбыным!-демекші қақортасында алтын алауы алаулаған, қалықтап ұшқан қыран бүркіт үстіндегі күн бейнесі бейнеленген аспан түстес  көк Байрағымыз, қос қанатты шабыттана алға ұмтылған ат бейнесімен қоса, шаңырақ, бейбітшілік, татулықты баяндайтын бес тармақты жұлдыз бейнесі бейнеленген тәуелсіздік Елтаңбамыз бен халқымыздың батыл, ер жүректігін сипаттайтын Әнұранымыз жарық көрді.

Ғасырлар бойы аңсатып жеткен азаттықпен, тәуелсіздікпен келген халық рухының асқақтығы мәңгілік болғай! 

Сырым аудандық соты әкімшісінің бас маманы Г.К.Нурабалиева

 

    

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.