Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің негізі
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бұл – еліміздің басты нышандарының бірі, ұлттың рухани байлығы мен мәдени мұрасының қайнар көзі. Мемлекеттік тілдің мәртебесі 1997 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңмен бекітілген. Бұл заңда қазақ тілі – мемлекетті басқару, заң шығару, іс жүргізу және құжаттармен жұмыс істеудің тілі екені нақты көрсетілген.
Қазақ тілін дамыту – әрбір азаматтың парызы. Тілді білу – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – халықтың тарихын, салт-дәстүрін, дүниетанымын түсінудің кілті. Егемен елдің болашағы – жастар, ал олардың бойына ана тілге деген сүйіспеншілікті сіңіру – ұрпақ тәрбиесінің басты тетігі.
Бүгінгі таңда қазақ тілінің қолданылу аясы кеңейіп келеді. Мемлекеттік мекемелерде, білім беру ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілінің үлесі артып келеді. Бұл – тіл саясатының нәтижелі жүзеге асып жатқанын білдіреді.
Қорытындылай келе, мемлекеттік тілді құрметтеу – Отанды сүюдің көрінісі. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы- сот отырысының хатшысы: М.М.Кенжебаева
[xfvalue_img]
