Алқабилер және сот төрелігі
Елімізде «Алқабилер туралы заң қабылданып, алқаилердің қатысумен қылмыстық істерді қарау институтының тәжірибеге енгені белгілі. Аталған институт сот билігін жүзеге асыру ісіне қарапайым халық өкілдерінің қатысуына мүмкіндік беріп келеді.
Алқаби- соттың қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған шақырылған және ант қабылданған азамат. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын алқабиге кандидаттардың бастапқы, біріңғай және қосалқы тізімдерін жасайды.Бір адам сот отырыстарын алқаби ретінде жылына бір реттен артық қатыса алмайды.
Кез келген адам алқаби мүшесі бола алмайды. Олардің тізмі алдын ала бекітіледі. Хатталды, сөйтіп мақұлданады. Анығын айтқанда, 25 жасқа толмағандар, әлі де жазасын өтеп болмағандар, шартты түрде бостандығынан айырылғандар, жүйкесі ауыратындар, наркологиялық жағынан есепте тұрғандар, сонымен қатар әскери қызметшілер, судьялар мен осы құқықтық салада жұмыс істейтіндер алқабилер сотына мүше бола алмайды.
Қылмыстық істі қарайтын судья басты сот талқылауындау тағайындау туралы қаулы келушілердің саны кемінде жиырма бес адам болатындай етіп сот отырысына шақырылуға тиісті алқабиге кандидаттардың жалпы санын анықтайды. Сот мәжіліснің хатшысы алқабиге кандидаттарды соттағы біріңғай және қосалқы тізімдердің алдын ала кездейсоқ таңдау жүргізу арқылы іріктеп алады.
Алқа билер сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге сотқа қатысушыларға судья арқылы сұрақтар қоюға, сот отырысында істің жария етілген мазмұнымен танысып, түсініксіз мәселелер бойынша саудар беруге құқылы. Сот ісінде жариялылыққа, тәуелсіздікке қол жеткізу бағыттында дүниеге келген алқабилер институтының ең басты ерекшегі олар кеңесу бөлмесінде бір қатар маңызды мәселеге айрықша назар аударады: әрекеттің орын алғаны нақты дәлелденеді, бұл әрекетті сотталушының жасағаны расталды ма және бұған сотталушы кінәлі ме? Міне осы сауалдар арқылы сотталушының кінәлілік дәрежесі анықталып, соған сәйкес айыптап соттауға немесе жауаптан босатуға шешім қабылданады.
Алқабилердің соты- билік пен халықты жақындастыруды қамтамасыз етеді,қоғамның құқықтық деңгейі мен құқықтық мәдениетін, сондай-ақ сотқа деген сенімді арттыруға ықпал етеді.
А.Искакова
Батыс Қазақстан облысының
Жаңақала аудандық соты әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]

3 пікір