Тіл – халықтың жаны, рухы
Тіл – ұлттың айнасы, тұтастығының негізі. Әр халықтың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен рухани байлығы тілі арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Сондықтан да тіл – тек қатынас құралы емес, ол – ұлттық мұра, баға жетпес байлық.
Қазақстанда әр жылы қыркүйек айының соңында Тілдер күні аталып өтеді. Бұл – мемлекеттік тілді құрметтеу, ана тіліміздің мәртебесін көтеру, сонымен қатар елімізде өмір сүріп жатқан барлық этностардың тілдеріне деген сыйластықты білдіретін мереке.
Бүгінгі таңда қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Оны меңгеру – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы. Сонымен қатар орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаһандық дамудың кілті. Үш тұғырлы тіл саясаты осы мақсаттарды біріктіреді.
Тілімізді ардақтау – өз ұлтымызды құрметтеу. Ұлы Абайдан бастап, қазақ зиялыларының барлығы тілдің тағдыры үшін күрескен. Ендеше, біз де туған тілімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманаттауымыз керек.
БҚО, Сырым аудандық соты әкімшісінің бас маманы Г.К.Нурабалиева
[xfvalue_img]

5 пікір