Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның ортақ міндеті
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, заң үстемдігіне және азаматтардың әл-ауқатына кедергі келтіретін ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында бұл құбылысты жою бағытында кешенді шаралар қабылданып, заңнамалық және институционалдық тетіктер жетілдіріліп келеді.
Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы – осы бағыттағы стратегиялық құжат. Онда қоғамның барлық саласында парасаттылық пен ашықтықты нығайту, мемлекеттік басқарудағы тиімділікті арттыру және азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру басты мақсат ретінде қарастырылған.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің табысты болуы – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның белсенділігіне тікелей байланысты. Әрбір азаматтың заңға бағынуы, адал еңбек етуі, әділеттілікке ұмтылуы – бұл дерттің алдын алудағы маңызды қадам. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыру да – қоғамда әділеттілік қағидатын орнықтырудың маңызды бөлігі.
БҚО, Сырым аудандық соты әкімшісінің бас маманы Г.К. Нурабалиева
[xfvalue_img]

2 пікір