Тілге құрмет
Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да жоғалуына да себеп болатын нәрсе ол- тіл» деп Ахмет Байтұрсыновтың қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тілдің мерейін асыратында құтын қашыратында өзіміз. Себебі тіл меңгеруде ата-анамен тәрбие оқаштарының рөлі ерекше. Әр отбасы бесіктен бастап балаға қазақ тілін үйретуді мақсат қылу керек. «Ана тілін білмеген анасын да сыйламас» дегендей, тілдің қасиеті тәрбие төңірегіненде орын алып отыр.Қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз жағдай.Қазақ тілі тек қазақ халқының тілі емес, ол мемлекеттік тіл, яғни ортақ тіл. Қазақ тілі-өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл ақылдың өлшемі, өмірінің құралы, сондықтан ана тіліміздің мәртебесін көтеру біздің борышымыз. Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет, демек әрбір адам қазақ тілін білуі тиіс. Ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, мерейін үстем ету біздің парызымыз.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Анаргүл Қайырғалиқызы Ахонова
[xfvalue_img]

4 пікір