Кассациялық шағым берудегі практикалық қиындықтар: бас тарту себептері және оларды жою жолдары

Кассациялық шағым берудегі практикалық қиындықтар: бас тарту себептері және оларды жою жолдары

Кассациялық шағым – сот актілерінің заңдылығын қайта тексеруге арналған маңызды тетік. Бұл сатыда жіберілген қателер түзетіліп, азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін. Алайда іс жүзінде азаматтар кассациялық шағым беру кезінде жиі қателіктерге жол береді, бұл олардың шағымының қараусыз қалуына себеп болады. Бұл мақалада біз жиі кездесетін қателер мен оларды болдырмау жолдарын қарастырамыз. 

  1. Процестік талаптардың сақталмауы 

Кассациялық шағымның мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптардың бұзылуы – бас тартудың ең жиі кездесетін себебі. Мысалы:

  • заң бұзылған нақты баптар көрсетілмейді;
  • шағымның уәждері жалпы сипатта, істің материалдарына сілтеме жоқ;
  • соттың атауы, тараптардың аты-жөні, шағымданып отырған акт туралы мәліметтер сияқты міндетті деректер көрсетілмейді. 

Кеңес: кассациялық шағым бермес бұрын тиісті процессуалдық кодекстермен (ҚПК, АПК, ӘҚБтК немесе АІЖК) мұқият танысып шығыңыз. Сот тәжірибесінде қолданылатын үлгілер мен нұсқаулықтарды пайдалану пайдалы болады. 

  1. Шағым беру мерзімінің өтіп кетуі 

Кассациялық шағым беру мерзімі – бұл міндетті талап. Көп жағдайда бұл мерзім сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап алты айды құрайды. 

Кеңес: шешімнің заңды күшіне енген күнін бақылап, шағымды алдын ала беруге тырысыңыз. Егер мерзім өтіп кетсе, шағымға мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш қоса беріліп, оның себептері нақты көрсетілуі тиіс. 

  1. Алдыңғы сатылардан өтпеу 

Кассациялық шағым апелляциялық сатыдан өткен сот актілеріне ғана беріледі. Апелляциясыз берілген кассациялық шағымдар қаралмайды. 

Кеңес: кассацияға шағымданар алдында сот шешімі апелляциялық тәртіппен қаралғанына көз жеткізіңіз. 

  1. Шағымды дұрыс мекенжайға жолдамау 

Кейде азаматтар шағымды сол шешім шығарған сотқа жібереді, бұл дұрыс емес. Бұл уақыт жоғалтуға немесе шағымның қайтарылуына әкеп соғуы мүмкін. 

Кеңес: кассациялық шағым бірінші сатыдағы сот арқылы беріледі, бірақ ол кассациялық соттың атына жолдануы тиіс. Шағымның «шапка» бөлімінде дұрыс сот атауы көрсетілуі қажет. 

  1. Мемлекеттік баж төлемеу 

Азаматтық және әкімшілік істер бойынша кассациялық шағымға мемлекеттік баж төленуі тиіс. Төлем құжатының болмауы – шағымды қайтару себебі. 

Кеңес: төленуі тиіс баж сомасын алдын ала анықтаңыз. Егер төлеуден босатылған жағдайда (мысалы, 1-топтағы мүгедек, еңбек дауы бойынша талапкер болсаңыз), оны растайтын құжаттарды қоса беріңіз. 

  1. Шағымның уәжсіздігі 

Көптеген кассациялық шағымдарда құқық бұзушылықтар нақты көрсетілмейді, тек сот актісімен келіспеу сипатындағы жалпы пікірлер беріледі. 

Кеңес: кассациялық саты істің мән-жайын немесе дәлелдемелерді қайта қарамайды. Негізгі назар соттың құқықты дұрыс қолданбағанына, заң нормаларының бұзылғанына аударылуы тиіс. 

  1. Көшірмелер мен қосымшалардың болмауы 

Кассациялық шағымға басқа тараптар үшін көшірмелер, сот актілерінің көшірмелері және басқа да қажетті құжаттар қоса берілуі тиіс. 

Кеңес: шағым бермес бұрын барлық қажетті көшірмелер мен қосымшалардың бар екеніне көз жеткізіңіз. Олардың болмауы шағымның қайтарылуына себеп болуы мүмкін. 

Қорытынды 

Кассациялық шағым беру – мұқияттылықты, заңдарды жақсы білуді және нақты рәсімдерді сақтауды талап ететін күрделі процесс. Бас тартудан сақтану үшін:

  • процессуалдық заңдарды мұқият оқып шығыңыз;
  • үлгілер мен сот тәжірибесін пайдаланыңыз;
  • мерзімді, тәртіпті және мазмұнды қатаң сақтаңыз.

Кейбір жағдайларда кәсіби заңгердің немесе адвокаттың көмегіне жүгіну – сіздің шағымыңыздың қаралу ықтималдығын арттырады. 

Астана қаласының ҚІЖМАС бас маманы

Жасұлан Оңдаған

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.