Конституциялық Сот
2023 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда Конституциялық Сот өз жұмысын бастады. Оның ерекшелігі неде, қандай өкілеттіктерге ие, Конституциялық Сотқа азаматтардың тікелей жүгіну құқығы қарастырылған.
«Конституциялық Сот Конституциялық кеңестің бүкіл өкілеттіктерін алды. Бұл – Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру; Парламент қабылдаған заңдардың Президент қол қойғанға дейін Ата заңның талаптарына сәйкестігін тексеру; халықаралық шарттарды ратификацияланғанға дейін Конституцияға сәйкестігін тексеру; Парламент пен оның палаталарының қаулыларының Конституцияға сәйкестігін тексеру; соттардың, азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңдардың конституциялығын тексеру туралы ұсыныстарын қарау; дау туындаған жағдайда Президент сайлауының және Парламент депутаттарының сайлауының дұрыстығын қарау. Сонымен қатар биыл Конституциялық Сотқа жүгінетін субъектілердің қатары толығып, оларға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас прокурор және азаматтар қосылды. Енді күшіне енген заңдарды Конституциялық Сотта – Бас прокурор, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және азаматтар қосылды»
Конституциялық Сот институты сот органдарына жата ма?
«Қазақстанда халықаралық тәжірибені ескере отырып, Конституциялық Сот жеке сот жүйесіне кірмейтін тәуелсіз мемлекеттік орган болады деген модель ұсынылды және ол қабылданды. Сондықтан қазір жалпы сот юрисдикцияларының жүйесіне Конституциялық Сот кірмейді, олардың шешімдерін қарастырмайды, бұл дербес мемлекеттік орган болып табылады.
Конституциялық Сот, сот жүйесіне кірмегендіктен соттардың шешімдеріне баға бермейді және оларды қайта қарамайды.
Азаматтардың Конституциялық Сотқа өтініш жасауы бойынша рәсімдер мен ережелері: .
«Азматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары «Конституциялық Сот туралы» Заңның 45-бабында нақты көрсетілген. Оған сәйкес, Конституциялық Соттың қарайтын негізгі мәселесі – ол заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің Конституция талаптарына сәйкестігі. Оның шарттары мынадай: 1. Дауланып отырған заң және басқа да нормативтік акті адамның Конституцияда көзделген құқықтарын тікелей қозғауы қажет; 2. Заңды қолдана отырып, сотпен нақты бір шешім қабылдануы тиіс; 3. Сот шешімі күшіне енуі керек; 4. Соңғы шарты – сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл өтпей Конституциялық Сотқа жолдануы тиіс. Бұл шарттарда кейбір ерекшеліктер бар. Егер Заңның нормасы кесімді болса, ол норманы түсіндіруде түрлі нұсқаларға жол берілмесе, азаматтың нақты қандай іс-әрекеттер жасайтынын тікелей көрсетсе, онда азамат сот органдарына жүгінбей-ақ, бірден Конституциялық Сотқа жүгіне алады. Конституциялық Сот сот шешімдерін қабылдау кезінде қолданылған заңнын дұрыстығын қарайды. Сондықтан азаматтың шағымында көрсетілген келіспеушіліктері тікелей заңға қатысты болуы керек. Егер заңның конституциялық талаптарға сәйкес келмейтіндігін Конституциялық Сот анықтайтын болса, кейіннен сол заңнын негізінде қабылданған сот шешімдері белгіленген тәртіппен қайта қаралатын болады. Ол қайта қарауды жалпы юрисдикциялы соттар жүзеге асырады»,
Конституциялық сот – ел азаматтарының конституциялық құқықтарының қорғалуының кепілі әрі Ата заңымыздың ережелерінің мүлтіксіз орындалуын қадағалайтын орган. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында елімізде жұмыс істеген бұл демократиялық құрылым 1995 жылы қабылданған Конституцияда Конституциялық кеңеске айналды, ал сот пен кеңестің құзіреті жер мен көктей еді.
Жанна-Мари Вебер
Сырым аудандық соты әкімшісінің басшысы
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]