«Сот жүйесіндегі кассациялық соттың рөлі»
Қазақстанда сот реформасы аясында маңызды өзгерістер жүзеге асырылуда. Соның бірі – Кассациялық соттың Жоғарғы Соттан бөлініп, Астана қаласында дербес жұмыс істей бастауына байланысты. Бұл жаңалық азаматтардың құқықтарын қорғау механизмдерін нығайтуға, әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге арналған.
Кассациялық сот – бұл сот актілерінің заңдылығын қайта тексеретін жоғары сатыдағы сот органы. Ол бірінші және апелляциялық сатыларда қаралған істер бойынша соңғы шешім қабылдайды. Кассациялық соттың негізгі мақсаты – сот шешімдерінің бірізділігін қамтамасыз ету және заң талаптарының дұрыс қолданылуын бақылау.
Оның өз ғимаратының болуы сот жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам саналады. Бұл шешім сот өндірісінің жылдамдығын арттырып, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Жаңа соттың құрылымы процестің жылдам және тиімді жүруіне жағдай жасайды.
Неліктен Кассациялық сотты бөлек шығару маңызды?
- Сот тәуелсіздігін күшейту: Өз алдына дербес орган ретінде Кассациялық сот сот билігінің әрбір деңгейінде жауапкершілікті нақты бөлуге мүмкіндік береді.
- Жұмыс тиімділігін арттыру: Кассациялық соттың жеке құрылымы істерді тезірек қарауға, шешімдерді сапалы қабылдауға жол ашады.
- Сот өндірісінің ашықтығы: Азаматтар кассациялық сатыда істің қаралу барысын бақылап, құқықтарын толық қорғай алады.
- Сот тәжірибесін жүйелеу: Кассациялық сот құқық қолдану тәжірибесін біріздендіру міндетін тиімді атқарады.
- Бұл Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуына, азаматтардың құқықтарын қорғау сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам.
Сот жүйесін жетілдіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады деп күтілуде.
Ең басты мақсат – халықтың сотқа деген сенімін нығайту және әрбір азаматтың әділ шешімге қол жеткізуіне мүмкіндік беру.
Кассациялық сот – құқықтық мемлекет қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Ол Қазақстан азаматтарына құқықтарын қорғауда қосымша мүмкіндік береді және әділ, ашық сот төрелігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бұл бастама елімізде заң үстемдігін нығайтып, қоғамдағы әділеттілік деңгейін арттырады деп күтілуде.
Қазыбекова Алтынай Мейрамбекқызы
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы
[xfvalue_img]