Қылмыстық іс жүргізудегі іс жүргізу тілі
Қазақстан Республикасы Конституциясының жетінші бабында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп көрсетілген.
Қылмыстық іс жүргізу тілінің принципі ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 30-бабында көрініс тапқан және үш қағидамен сипатталады:
Іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Іс жүргізу қазақ тілімен қатар орыс тілінде, қажет болған жағдайда басқа тілдерде де жүргізілуі мүмкін.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғаларға іс материалдары басқа тілде ұсынылған жағдайда, оларды қылмыстық іс жүргізу тіліне тегін аудару қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ сот процесіне қатысушыларға сот талқылауының басқа тілде жүргізілген бөлігін қылмыстық іс жүргізу тіліне тегін аудару қамтамасыз етіледі.
Іс жүргізу тіліне ие емес немесе жеткілікті деңгейде меңгермеген тұлғаларға істің тілі түсіндіріліп, өз ана тілінде немесе меңгерген тілінде өтініш жасауға, түсініктеме мен куәлік беруге, өтініш білдіруге, шағым жасауға, іс материалдарымен танысуға, сотта сөз сөйлеуге, аудармашының қызметін тегін пайдалануға құқық беріледі. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар УПК-де көзделген тәртіпке сәйкес, іс жүргізу тіліне аударылған құжаттарды процеске қатысушыларға табыстайды. Ал іс жүргізу тілін білмейтіндер үшін сол құжаттың сенімді аудармасымен бірге ұсынылады.
Қазақстан Республикасының соттары ТМД елдерінің соттарымен қарым-қатынасында мемлекеттік тілді немесе орыс тілін пайдаланады (Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенцияның 17-бабы).
Бұл принциптің сақталуы ҚПК-де белгіленген бірқатар нормалармен кепілдендірілген:
— егер күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған немесе ақталған тұлға қылмыстық іс жүргізу тілін білмесе, сотта қорғаушының қатысуы міндетті (ҚПК 67-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы);
— күдікті мен айыпталушы өз ана тілінде немесе меңгерген тілінде куәлік беруге, аудармашының тегін көмегін пайдалануға құқылы (ҚПК 64-бабы 9-тармағының 12), 13) тармақшалары, 65-бабы 5-тармағы);
— егер үкім сотталушыға түсініксіз тілде жарияланса, онда аудармашы үкімді сол сәтте сотталушы түсінетін тілге дауыстап аударады (ҚПК 402-бабы 2-тармағы);
— аудармашының құқықтық мәртебесі ҚПК 81-бабында анықталған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 2-тармағында (ешкім де ұлтына, тіліне және басқа белгілеріне байланысты кемсітуге ұшырамауға тиіс) әркімнің өз ана тілін пайдалануға құқығы бекітілген. Осы конституциялық нормаға сәйкес, сот процеске қатысушы тұлғалардың өтініші бойынша олардың өз ана тілінде немесе меңгерген тілде өтініш жасауына, түсініктеме мен куәлік беруіне, өтініш білдіруіне және сотта сөйлеуіне мүмкіндік жасауға міндетті.
Қазақстан Республикасында ұзақ уақыт (10 жыл) тұрған, мемлекеттік тілді меңгерген және тергеу барысында аудармашы сұрамаған тұлға үшін аудармашы шақыру қажеттілігі туындамайды.
Керісінше, мысалы, айыпталушы өзбек ұлтынан болып, Өзбекстанда тұрып, өзбек мектебінің 8 сыныбын бітірген, түсініктемені өз қолымен жазып, аудармашының қажеттілігі анық болса, оған аудармашы тергеу аяқталғаннан кейін емес, дереу берілуі тиіс.
Айыпталушының, сотталушының, қорғаушының іс жүргізу тілін білмеуіне байланысты құқықтарының шектелуі және олардың процесс барысында өз ана тілін пайдалануға мүмкіндік берілмеуі – ҚПК нормаларының бұзылуы болып табылады және бұл үкімнің күшін жоюға негіз болуы мүмкін.
Ж.Б.Копбаева
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданарық сотының
бас маман сот отырысының хатшысы:
[xfvalue_img]
