Заң мен тәртіп: СҚО-да полиция, сот және прокуратура резонансты істер бойынша бірыңғай тәсіл қалыптастыруда
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер, судьялар және прокурорлар ҚР ІІМ базасында өткен «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты. Онда елдің Жоғарғы соты ұсынған нормативтік-құқықтық жаңашылдықтар талқыланды. Олар адамның жыныстық қолсұғылмаушылығы мен жыныстық бостандығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сот тәжірибесіне қатысты мәселелерді қамтиды.
Бірқатар проблемалық мәселелерді солтүстікқазақстандық құқық қорғау органдарының өкілдері және елдің басқа өңірлеріндегі әріптестері бейнеконференция байланысы режимінде талқылады. Бұл жұмыстың мақсаты — негізгі ережелерді айқындау, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сөзсіз қамтамасыз ете отырып, құқық қолдану тәжірибесін қалыптастыру.
Талқылау барысында әзірленген ұсынымдар облыстың тергеу және сот органдарының алдағы жұмысына негіз болады. Күш-жігерді үйлестіру азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған. Заңның әрбір нормасын мұқият пысықтау сот төрелігінің жеделдігін ғана емес, сонымен қатар адам құқықтарының мінсіз қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл — «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының негізі.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
