«Жұмыстан қоңырау»: 2 млн теңге жоғалтты, СҚО-да интернет-алаяқтық тергелуде

«Жұмыстан қоңырау»: 2 млн теңге жоғалтты, СҚО-да интернет-алаяқтық тергелуде

Интернет-алаяқтар жаңа айла-тәсілдерді ойлап табуды жалғастыруда. Әсіресе адамның жеке деректеріне қол жеткізген жағдайда олар аса тапқыр әрекет етеді. 

Мәселен, Петропавл қаласының 59 жастағы тұрғынына бұрынғы жұмыс орнынан хабарласқандай болып, кадр бөлімінің заңгері оның жеке ісін алып кеткенін айтқан. Әйел «мән-жайды анықтау» үшін «заңгердің» байланыс нөмірін де жіберген. 

«Заңгер» оның интернет-алаяқтық тәуекелі жоғары топқа кіргенін айтып, «құқық қорғау органының маманы» қоңырау шалғанда жауап беруін өтінген, ал ол өз кезегінде «банк менеджерімен» сөйлесуді ұсынған. Әрбір келесі әңгімеде «қауіп деңгейі» күшейтіліп отырған. 

Нәтижесінде қала тұрғынын белгісіз біреулер оның банк аккаунтын бұзуға әрекет жасап жатыр деп сендіріп, қаражатты сақтау үшін оны шешіп, «қауіпсіз шотқа» аудару қажет екенін айтқан. Әйел алаяқтардың нұсқауын орындап, барлық жинағын — 2 миллион теңгеден астам қаражатты аударған. 

Бақытына қарай, кибералаяқтардың жиі қолданатын тәсілі — «айна несиелерді» рәсімдеуге дейін іс жетпеген: жәбірленуші алданғанын түсінген. 

Полицейлер еске салады: ресми тұлғалар мұндай қоңыраулар жасамайды. Егер адамды сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатыстыру қажет болса, құқық қорғау органдары телефон арқылы мәлімет таратпайды, ресми шақыру қағазы арқылы шақырады. 

Қаржыға қатысты кез келген ақпаратты тек ресми арналар арқылы тексеру қажет. 

Қаңтар айында СҚО-да интернет-алаяқтықтың 33 фактісі тіркелді. Жәбірленушілер арасында зейнеткерлер, мұғалімдер, жұмыссыздар, жұмысшылар, медицина қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер бар. Олардың басым бөлігі интернет-алаяқтық қаупі туралы бұрын естігенімен, алаяқтарға сеніп қалған. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.