«Мемлекеттік қызметшінің этикасы-халық сенімінің негізі»
Қазақстан Республикасының Президенті 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді.
Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен этикасы – оның кәсіби қызметіндегі негізгі ұстанымдардың бірі. Қоғамның мемлекетке деген сенімі тікелей осы салада еңбек ететін мамандардың әдептілігіне, әділдігіне және жауапкершілігіне байланысты.
Этикалық нормалар – мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді «адал, әділ, сыпайы, мәдениетті түрде» атқаруын талап етеді. Ол тек қызмет орнында ғана емес, қоғамдық өмірде де үлгі болуға тиіс. Халықпен қарым-қатынаста сыпайылық пен сыйластық танытып, мемлекеттік мүддені жеке бас пайдасынан жоғары қоюы тиіс.
Мемлекеттік қызметшінің «әдеп кодексі» – бұл оның кәсіби мәдениеті мен азаматтық ұстанымының айнасы. Этикалық тәртіп бұзылған жағдайда, тек қызметшінің беделі ғана емес, мемлекеттік органдарға деген сенім де төмендейді.
Әрбір мемлекеттік қызметші заң талаптарын бұлжытпай орындап, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, халыққа адал қызмет етуі қажет. Бұл – дамыған, әділетті қоғам құрудың маңызды кепілі.
Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметке қойылатын талаптар жоғары. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, мемлекеттік саясатты іске асыру – барлығы да мемлекеттік қызметшінің әдебі мен кәсіби мәдениетіне байланысты.
Этикалық нормалар – бұл жай ғана тәртіп ережелері емес, адамгершілік пен жауапкершілік қағидалары. Мемлекеттік қызметші ашықтықты, әділдікті, бейтараптықты сақтауы керек. Оның сөзі мен ісі бір жерден шығуы тиіс, себебі ол – мемлекеттің бет-бейнесі.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде олардан халықпен дұрыс қарым-қатынас жасау, сыпайы болу, қызметтік өкілеттіктерін жеке пайдаға пайдаланбау, әріптестерімен сыйластықта болу талап етіледі. Этиканы бұзу тек жеке адамның беделіне ғана емес, мемлекеттік құрылымға деген сенімге де нұқсан келтіреді.
Сондықтан мемлекеттік қызметші заң мен ар-ожданның биігінен табыла білуі тиіс. Бұл – халыққа адал қызмет етудің, әділетті қоғам қалыптастырудың басты негізі.
Тлемберлиева Алия Артуровна
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сот әкімшісінің бас маманы
[xfvalue_img]

4 пікір