Қан майданның жүректе жарасы бар
Менің атам, Байгелов Көкеш Назарұлы 1924 жылы 19 тамызда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақсай ауылында дүниеге келген. 1939 жылы 4-ші сыныпты бітіріп, трактор айдаушы болып жұмыс жасады. 1941 жылы тамыз айында әскерге шақырылды. Бастапқы әскери дайындықты өтеді. Содан сөң Көкеш Назарұлы 1-ші Украин фронтының 177-ші атқыштар полкіне қабылданды. 2 айдан соң қатты жарақат алып, емханаға түседі. Жазылғаннан кейін фронтқа қайта келді. Бірақ, тағы да қатты жарақат алып, емханаға түседі. Бұл жарақатты Днепр өзенінен жүзіп өтіп бара жатқанда алады. Өзінің ауыр жарақатына қарамастан, Көкеш атамыз емханадан шығып, 1943 жылы 206-шы қосымша полкінде өз қызметін жалғастырады.
1944 жылы 26 тамызда Ұлы Отан Соғысынан кейін, 5 жыл Германияда Лейпциг қаласында қызмет етті. Тек содан кейін 1950 жылы медальдарын сыңғырлатып үйге оралды.
1950 жылы үйге оралғаннан кейін, Байгелова Ақмиіз әжемізге үйленді. Ақмиіз әжеміз адал жар, аяулы ана, мейрімді әже бола білді. Қазіргі кезде артына қалдырған ұрпақтары: 5 балалары, 6 немере, 7 жиен, 6 шөбережәне 9 жиеншарлары ата-әжеміздің ізін жалғастыруда.
Көкеш атамыз өте сабырлы, ақылды, адамгершілігі мол адам болған еді. Көмек сұрап келегн адамның ешқашанда бетін қақпаған. Әрдайым қолынан келгенше көмектесті. Арнайы білімі болмаса да емшілікпен айналысатын. Адамдармен тез тіл табысып, тату өмір сүрді. Балаларына ардақты әке, зайыбына адал жар болды. Бірақ та, алланың қалауымен 2014 жылы сәуір айында жер қойнауына енді. Жер қойнауына енерден бір бұрын балаларына домбыра тартып береген еді. Көкеш Назарұлын ақырғы сапарға шығарып салу үшін 300-ден астам кісі келген еді. Бұның өзі атамыздың қандай адам болғанына бір дәлел. Ауыл әкімі Митанов Бақытжан қасымұлы Байгелов Көкеш Назарұлын бұл өмірде көп еңбек сіңіргенін және жеріміз үшін қорықпай Ұлы Отан Соғысына қатысқанына бас иіп, алғысын айтты.
Мен әрбір қазақ баласы болсын, қазақ қызы болсын Көкеш атамыздан үлгі алса деп тілеймін!
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
Қастерлейді халқымыз қаһарманын,
Жүр есінде сан жарық, сапарларың.
Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,
Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың
Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
Жасқанбаған жауынан жарақты ер,
Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,
Жүздеріңе сендердің қарап білер.
Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар,
Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Майдангерлер азайып барасыңдар.
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сот Әкімшісінің
сот отырысының бас маманы – хатшысы А.С.Байгелова
[xfvalue_img]

4 пікір