«Өшпес Данқ»
«Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске үлкен күшпен жеттік, ол күш-бірлік. Барша халық бір тудың астына жиылып, күштерін бір арнаға тоғыстырды»- деп еске алып отыратын атам Жардемов Ахон және ағасы Қапсен сұрапыл соғыстың от жалынын көріп, жараланып, аман есен елге жеңіспен оралды. Қазіргі бейбіт өмір сүруімізге үлестерін қосып, елім жерім деп қасық қаны қалғанша шайқасқа түскен ерліктеріне қарап мақтан етемін.
Менің атам Жардемов Қапсен-1911 жылы Қарасамар ауылдық кеңесіне қарасты Байжігіт елді мекенінде дүниеге келіп, діни мектепте молдалардан оқып сауатын ашқан.
17 жасынан еңбекке араласып, Қарашағыл /қазіргі Жаңақала ауданы Маштексай ауылына қарасты Сарыкөл/ жерінде, одан басқа Айтпай, Қызылоба, Әукетай, Мұстапа елді мекендерінде бастауыш мектеп мұғалімі бола жүріп, ересек азаматтарды сауаттандыру ісіне белсене араласқан.
1942 жылы әскер қатарына алынып, сол жылы 16 наурыз күні танкке қарсы оқ ататын 592-ші артиллерия полкінің құрамында «78 мм» зеңбірікшілер тобымен ұрысқа кіріскен.
Сол жылдардағы Совет Үкіметінің Белая қаласын алуға қосқан ерлігі үшін қатардағы жауынгер аға сержант шенінен жоғарылап топ командирі болып «Қызыл Жұлдыз» орденімен наградтталды.
1944 жылы Үшінші Беларус майданында 39-шы армияның 5-ші гвардиясы, Бірінші Балтық жағалауы майданында 43-ші армияның 60-шы атқыштар корпусы жауынгерлерімен Витебск қаласын азат етудегі ерлігі үшін 3-ші дәрежелі «Данқ» орденімен марапатталды. 1946 жылы елге оралып, 1968 жылы Орал педагогикалық училищесін, 1957 жылы Орал педагогикалық институтын тамамдаған.
Ұрпақ тәрбиелеу ісіне белсене араласып, зейнеткерлік жасында өмірден озды.
Атам Жардемов Ахон-1914 жылы Қарасамар ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Жасында ауыл молдасынан сауат ашып, кейін кеңес үкіметі мектебінде білім алған. Туған ағасы Қапсенмен бірге 1942 жылы армия қатарына алынып, Сталинград бағытындағы шайқастарға қатысқан.
1943 жылы шайқаста ауыр жарақат алып госпитальға түсіп мүгедектікке қарамастан майданға қайта аттанған.
Соғыстан жеңіспен оралған соң, Қоскөл елді мекеніндегі Чапаев атындағы бастауыш мекебінде мұғалім бола жүріп, 1953 жылы Орал педагогикалық институтын қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша бітіріп, 1959 жылға дейін сол мектепте жұмыс жасаған.
1960 жылы Маштексай ауылына қарасты Мұқыр елді мекеніндегі 8 жылдық мектепке қазақ тілі пәнінің оқытушысы болып орналасқан.
1968 жылы оқытушы қызметін атқара жүріп, қосымша мектеп жатақханасында тәрбиеші болған.
Атам Жардемов Ахонның өмірлік жолында ұрпақ тәрбилеуде қосқан үлесі орасан зор, оның еңбегі бағаланып, бірнеше мәрте медальдармен наградтталған.
1984 жылы зейнеткерлік жасында өмірден озды.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сот әкімшісінің бас маманы Ахонова Анаргүл Қайырғалиқызы
[xfvalue_img]

5 пікір