«Тіл үшін күресуге міндеттіміз»

«Тіл үшін күресуге міндеттіміз»

«Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл»-Ахмет Байтұрсынұлы.

Мемлекеттік тіл- тәуелсіз елдің негізгі рәсімдерінің бірі. Сол себепті қазақ тілін терең меңгеру әр қазақтың, Қазақстанда тұрып жатырған әрбір азаматтың қасиетті борышы. Ата-бабамыз ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын, игі істерін, салт- дәстүрлерін, өсиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жеткізген. Сондықтан ана тілімізді білмей, ұлттық мәдениетті бойымызға сіңіріп жете меңгеру мүмкін емес. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың тілі- оның бақыты мен тірегі. Мемлекеттік тіл мемлекетіміздің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз- тіліміз. Тіл үшін күресуге міндеттіміз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам  болсақ та, тіліміз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуымыз керек. Себебі тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен маңызы зор. Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2009 жылдың 27 ақпанындағы «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы » № 36 өкімі республикамыздың барлық соттарында қолданылады.  Қазір іс-қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін есептік карточкалар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және шаралар хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі.Тіл туралы заңымыздың қағаз жүзінде қалмай, өмірінде нық қадам басып, ғұмыры ұзақ, болашағы жарқын болуы үшін күресе білейік. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті. Себебі- ана сүтімен дарыған тіл- ен басты байлығымыз.

БҚО, Тасқала аудандық сот әкімшісінің басшысы

М.С.Темірғалиева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.