Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы – рухани жаңғырудың жарқын белесі
2025 жыл – қазақ руханияты үшін айрықша мәні бар жыл. Себебі бұл – Ұлы ақын, данышпан ойшыл, қазақтың классик әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толатын мерейтойлы жыл. Абай – қазақ халқының мәдениетінде, рухани әлемінде мәңгі өшпес із қалдырған ұлы тұлға. Оның шығармалары – ғасырлар өтсе де маңызын жоймайтын, керісінше, уақыт өткен сайын тереңдей түсетін асыл қазына.
Абайдың мол мұрасы – ұлттық сананың оянуына, адамгершілік пен білімге, еңбек пен әділетке үндеген құнды дүниелер. Оның өлеңдері мен қара сөздері – тек әдеби туындылар ғана емес, ұлттың рухани айнасы. Абай адам болмысы, қоғам, дін, білім, махаббат сияқты мәңгілік тақырыптарды қозғап, қазақ қоғамын жаңғыртуға күш салды. Ол өз заманынан озық тұрған, келешек ұрпаққа бағыт сілтеген ұлы реформатор, ағартушы.
Абайдың 180 жылдық мерейтойы – тек бір ақынның ғана емес, тұтас қазақ халқының рухани көсемін ұлықтау. Бұл – бізге аманат болған мол мұраны дәріптеу, оны терең танып, бүгінгі күнмен байланыстыра отырып бағалау. Мемлекет деңгейінде аталып өтетін бұл мерейтой – жастарға Абайды жаңа қырынан танытып, оның идеяларын қазіргі заманға сай пайымдауға жол ашады.
Абайдың «Толық адам» тұжырымы, әділет, ынсап, рахым секілді ұстанымдары бүгінгі қоғам үшін де өзекті. Жас ұрпақ оның «адам бол!» деген асыл сөзін өмірлік ұстаным етуі тиіс. Бұл – нағыз рухани жаңғырудың негізі.
Қорытындылай келе, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы – тек тарихи жыл емес, ол – ұлт ретінде өзін-өзі тану, өз тамырын іздеу, асыл мұраны жаңғырту жолындағы үлкен белес. Абайды оқу – өзімізді тану, ал Абайды ұлықтау – болашақты дұрыс бағытта тәрбиелеу. Осы жолда әрбір қазақстандықтың рөлі маңызды.
Елді ел еткен – Абайдай дана, рухани көсемдер. Ендеше, оның аманатына адал болайық.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
әскери сот әкімшісінің басшысы Н.Жунисова
[xfvalue_img]

4 пікір