Жемқорлыққа қарыс мәдениет қалыптастырайық
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және осы тұрғыдағы құқықбұзушылықта рға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының жетіспейтіндігі себеп.
Кей мемлекеттік қызметшілердің құқықбұзушылыққа немқұрайлық танытуы, кәсіби біліктілігінің жетіспеуі, жеке басының қамын қоғам мүддесінен жоғары қоюы да осы қоғамдық кеселдің дендеуіне әсер етеді. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың басты негізі – ол азаматтардың арыз шағымы.
Казталов аудандық соты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды күшейтіп және қауіпсіздік мәселесіне аса көңіл бөліп, сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алып, келеңсіз жайттардың орын алмауына бағытталған іс-шаралардың пәрменділігін арттыруға, сот жүйесінің беделіне нұқсан келтіретін мұндай келеңсіз жағдайларды болдырмауға күш салуда. Сот қызметкерлерінің істердің қозғалысы туралы бөгде адамдардың ақпараттануына шектеу қою жөніндегі қағиданың талаптарын орындалуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу және болдырмау, профилактикалық жұмыстарды жүргізу үнемі назарда. Осыған орай аудандық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жедел кеңес, семинар сабақтары өткізіліп отырады.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға міндетті. Жалпы, жемқорлықпен, құқықбұзушылықпен күрес мәселесі тек мемлекеттің ғана емес, Қазақстан республикасының әрбір азаматының міндеті, әрі халық алдындағы борышы екенін естен шығармағанымыз жөн.
Қаженов Руслан Сайфетдинұлы
Батыс Қазақстан облысы
Казталов аудандық соты әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]

1 пікір