Мемлекеттік тіл басты байлығымыз
Қай мемлекет болмасын, оның ең әуелі ұлықтайтыны – мемлекеттік тілі, салт-дәстүрі, мәдениеті. Мемлекеттік тіл де дәл Ту, Елтаңба, Әнұран сынды мемлекеттік нышан. Ол елдің азаматтарын біріктіруі тиіс. Сол себепті, қазақ тілінің жағдайын жақсартуды әр адам өзінен бастауы тиіс. Кеңес үкіметі тұсында да зиялы қауым өкілдері А.Байтұрсыновты, М.Дулатовты толғандырған осы тіл мәселесі еді. «Тілі жоқ халық – балық» деп Шерхан Мұртаза айтқандай, тіл – халық қазынасы, басты байлығымыз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында, «Тіл туралы»Заңының 4-бабында қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі екендігі тайға таңба басқандайкөрсетілген. Сондықтан қазақ тілі тек қазақтар үшін емес, Қазақстанда мекен ететін әрбір отандасымыз үшін міндетті.
Қазіргі таңда сот жүйесінде сот төрелігін жүзеге асырушы судьялардың, мамандардың 75 пайызы қазақ тілін меңгерген, өз жұмысын мемлекеттік тілде еркін, сапалы жүзеге асыратын тұлғалар. Басқа мемлекеттік органдармен қатар еліміздің сот жүйесі де мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізуді көбейтуді – басты ұстаным ретінде қарастырады.
А.Искакова, Жаңақала аудандық соттар әкімшісінің басшысы.
[xfvalue_img]