«Қазақ тілінің рөлін сот ісін жүргізуде қолдану арқылы күшейту» бойынша
Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет!
Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдыратынымызға сенімдімін! Болашақ біздердің қолымызда!
Ата Заң - Конституция мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге кепілдік береді. «Тіл туралы» заңның 4-бабында: «Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүргізу тілі», - деп атап көрсетілген. ҚР Қоснтитуциясының 7 бабына сай республикасындағы мемлекеттік тілі-қазақ тілі болып табылатыны, мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы. Алайда сотқа мемлекеттік тілде істердің түсуі және қаралуы төмен. Осыған байланысты, мемлекеттік тілінің рөлін сот ісін жүргізуді күшейту үшін мемлекеттік органдары мен заңды тұлғаларымен істер мен материалды қазақ тілінде жіберу қажет екені, сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жөнінде кеңінен насихаттау туралы мақалаларды жариялау қажет. Президенттің Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бойынша шараларды дайындау болып табылады.
Іс-қағаздарын жүргізу тілін үйрету жөніндегі қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру қажет. Жергілікті соттардың кеңсе қызметкерлеріне жауапкершілік күшейтіліп келеді және ісқағаздары мен сот ісін мемлекеттік тілде еркін жүргізуге республика соттарының әлеуеті жеткілікті. Жергілікті соттар кеңселері іс- қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге, жалпы, құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін көтеруге, сот ісі мен ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің сапасын арттыруға қатаң кірісуде. Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану деңгейі әлі де төмен, тергеу органдарының қызметкерлері мен адвокаттардың қазақ тілін меңгеру деңгейіне байланысты. Сонымен қатар, сот процесі кезінде азаматтар және олардың өкілдерінің іс материалдары қалыптастырылған мемлекеттік тілінде өздерінің ойларын жеткізе алмаған фактілері де бар. Жергілікті соттарда мемлекеттік тілде қаралған істердің жалпы саны әлі төмен. Мемлекеттік органдар мен мекемелерден, басқа ұйымдармен кәсіпорындардан сотқа жүгінгенде талап арыздар мемлекеттік тілде емес, яғни, дауласушы тараптардың басым бөлігі сотқа талап арыздарды орыс тілінде беруде. Мемлекеттік органдардың, адвокаттардың, заңгерлердің басым көпшілігі арыздар мен басқа да ресми құжаттарды жазуда түрлі сылтаулармен қазақ тілінен айналып өтуге тырысады. Заң қағидасына сүйене отырып мемлекеттік органдар мен мекемелерден, басқа ұйымдар мен кәсіпорындардан талап арыздарды сотқа мемлекеттік тілде тапсыруды сұрайтын уақыт жетті.
Сот төрелігін мемлекеттік тілде сапалы жүзеге асырылуының маңыздылығын және оны одан әрі жетілдіруде барлық құзырлы органдар жұмыла жұмыс жасауымыз қажет және қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатынына сенеміз және бәрі өзіміздің қолымызда. Тіл тағдыры-тұтас ұлттың тағдыры! Соны естен шығармайық достар!
Жумабаева Жаркынай Муратбаевна
Орал қаласының мамандандырылған
тергеу сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы
[xfvalue_img]