Қоғамдық сенімді арттырудағы мемлекеттік қызмет әдебі » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Қоғамдық сенімді арттырудағы мемлекеттік қызмет әдебі

Қоғамдық сенімді арттырудағы мемлекеттік қызмет әдебі

Этика терминінің мәні мен мағынасына мән берсек, біз күнделікті өмірде қоғаммен қарым – қатынаста болғанда, кез келген жағдайда этиканы қатаң сақтағанымыз жөн.

Этика сөзі қоғамда өзін-өзі ұстау деген мағынаны білдіреді. Дегенменде этика термині грек тілінен аударғанда әдет-ғұрып, дағды деген мағынаны білдіреді. Зерттей келсек, адамның мінез-құлқы, ой-толғамдары, парасаттылығы болып табылады. Адам жан-жақты болып, рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады. Парасаттылыққа өз мүмкіндігін жүзеге асырған адам, өз мүмкіндігін, мақсатын мақсатын айқындап, мемлекетіміздің негізі болып саясатқа, экономикаға, қоғамның бар саласына жетекшілік жасайды.

Бүгінгі таңда заң шығарушы, құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби этика ережесі, сот этикасы туралы кодексі қолданылуда.

Мемлекеттік қызметшілер осы рәсімделген ережелерді,  мінез-құлық нормаларын дұрыс қалыптастыруына талаптар қойылған.

Іскерлік этикет пен қызметтік мінез-құлық ережелерін сақтап, мемлекеттік органдардың қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу керек. Қызметтік міндеттерді орындауға байланысты заңсыз уәделер бермеуге, адал, абыройлы атқару осының барлығы күнделікті жұмысты дұрыс атқаруға дәлел.

Ал сырт келбеті қызметтік міндеттер орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін талаптарға сай болуға тиіс. Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер моральдық – әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық көрсетпеген жөн.

Әдеп – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талап. Адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатады. Әдептілік – адамның бойында бірнеше жылдардың, қоршаған ортаның, үйдегі жақсы тәрбиенің жемісі болып табылады. Жұмысқа отбасындағы келеңсіздіктер кедергі болмауы тиіс. Қызметтік ортада айтылған ақпараттар мен қызметтік құпия тысқа шықпау керек. Мемлекеттік қызмет атқару, жалпы қоғамда осы айтылған жәйттерге көп көңіл бөле жүрсек, болашағымыз жарқын болады деп айта аламын.

Этика – адам өмірінің іргелі құндылықтары мен мақсаттарын зерттеп, айқындайтын, мысалы жақсылық пен жамандық, бақыт, махаббат және т.б сонымен қатар мораль ұғымын талдайды. Әділдіктің басты өлшемі – адам құқықтары теңдігінің жүзеге асуы. Алдындағы мақсатқа жету  үшін  білім мен намыс болу керек. Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады.

Өзін – өзі танудан бастау алған адамның рухани ізденісі оның қоршаған ортасын меңгеруіне ұласады. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық ар-ождан, адамгершілік қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғап, ұлғайтып, білім іздеп еңбектенсе ол шын мәнінде қойылған мақсатына анық жеткені.

Сонымен, мемлекеттік қызмет этикасы – бұл мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған маңызды құрал. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мінез-құлқы, жауапкершілігі мен адалдығы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, қоғамда тәртіптілікті сақтауға, тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Мемлекеттік қызметтің этикалық негіздері мемлекеттік қызметшілердің жеке тәртібіне ғана емес, тұтастай мемлекеттің болашағына да әсер етеді.

Марал Блялова

Астана қаласының әкімшілік құқық

бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маманы                                 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.