Заманауи сот әкімшілігі – сот ісін жүргізуді нақты ұйымдастырудың кепілі
◾️Астанада «Сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру» атты дөңгелек үстел өтті. Оған судьялар, ТМД елдерінің жоғарғы соттарының басшылығы мен сот қоғамдастығы, сот төрелігі саласындағы беделді ұйымдардың – Сот төрелігінің сапасы жөніндегі Еуропалық комиссияның және Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IACA), АХҚО Соты аппаратының өкілдері, дипломаттар, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.
◾️Барлығы – 100-ге жуық қатысушы.
◾️Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев қатысушыларға ізгі тілегін білдіре келе, өз сөзінде сот төрелігінің тиімділігін арттыру Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық міндет екенін ерекше атап өтті. Ол құқықтық мемлекет стандарттарына сәйкес сот жүйесін одан әрі дамыту үшін берік негіз құрудың маңыздылығын, сондай-ақ озық халықаралық тәжірибені енгізу қажеттігін айтып өтті.
◾️Іс-шараны ашқан Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Қазақстан басшысының бастамаларын жүзеге асыру және еліміздің сот жүйесінде оның тиімділігін, ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға, оның ішінде цифрлық технологияларды енгізуге және озық халықаралық практиканы ескере отырып, жүйелі қайта құрылымдауға бағытталған реформаларды жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
◾️Қоғамның заманауи талаптарына жауап беретін және барлық азаматтар үшін сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін сот жүйесін құруға ұмтылыс туралы айта келе, Жоғарғы Сот Төрағасы басқа елдердің тәжірибесі мен шетелдік серіктестердің ұсынымдарын ескере отырып, судьялардың қызметін жеке бағалау әдістемесінің жетілдіріліп жатқанын, сот процесінің ашықтығын арттыруды, IT-шешімдерді енгізуді, субъектілік факторды азайтуды, сондай-ақ сот жүйесін білікті кадрлармен қамтамасыз етуді атап өтті.
◾️Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробарт, ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова және Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның төрағасы Франческо Депаскуале қатысушыларға ізгі тілектерін білдіре отырып, Қазақстандағы сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттырудың өзекті аспектілерін атап өтті.
◾️MAСA президенті Памела Харрис Қазақстанның сот жүйесіне енгізілген өзгерістерді әсерлі деп атап, олар судьяларға әкімшілік мәселелерге алаңдамай, тек сот төрелігін жүзеге асыруға назар аударуға мүмкіндік беретінін айтты. Спикер реформалардың, ең алдымен, қысқа мерзімде жүргізіліп, ең жақсы нәтиже көрсеткендігі мен әсерлі екенін атап өтті. Негізгі өзгерістер сот әкімшілігінің жаңа моделін, соттарды қаржыландыруды жақсартуды және цифрландыруды дамытуды қамтиды.
◾️Талқылауға қатысушылар судьяларды кәсіби бағалау әдістемесінде IT-әзірлемелерін қолдану мәселесіне назар аударды, бұл осы рәсімде адам факторының ықпалын болдырмайды.
◾️Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы сот әкімшілігінің қазіргі моделі, соның ішінде IT-құралдары соттардың жұмысына қалай әсереткеніне қызығушылық танытты: олардың ашықтығын арттырды, ауқымды деректерді өңдеуді жылдамдатты, сот процесіне қатысушылар арасындағы үзіліссіз байланысты қамтамасыз етті, сот қателерін азайтты және сотқа деген сенімді нығайтуға ықпал етті. Олар судьялар мен сот қызметкерлерін оқытуға қатысты да өз пікірлерін білдірді.
◾️Сындарлы пікір алмасу болды.
◾️Форум сот жүйесіндегі өзгерістерді ынталандыратын және барлығына тиімді және қолжетімді сот төрелігін қамтамасыз етуге деген ортақ ұмтылысты қолдайтын идеялармен практика алмасу алаңына айналды.
Анықтама
MAСA 2004 жылы Словенияда құрылған,оның кеңсесі Вирджинияда (АҚШ) орналасқан.
Қауымдастық менеджмент пен цифрландыруды дамытуға, сондай-ақ кәсіби сот әкімшілігін ілгерілетуге бағытталған.
MAСA құрамына 100-ден астам елден, соның ішінде АҚШ, Қытай, Канада, Жапония, Германия, Франция және т.б. өкілдері кіреді.
Қазақстан 2015 жылы MAСA-ға мүше болды.
[xfvalue_img]