Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің үлесі
Тіл туралы заңның нормалары бойынша, Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы.
Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін, ұлттық болмысын, рухани-мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып,жеткізуші, жинақтаушы қызметін атқарады. Осы қасиеттеріне сәйкес қазақ халқының ана тілі - қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдылық берілетінін негіздеген Ата Заңымызбен, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңына сәйкес, қазақ тілі еліміздің бүкіл аймағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі екені айқындалған.
Сондықтан мемлекеттік тіл мәселесі әрқашан қоғамды басқару тілі ретінде басымдыққа ие. Мемлекеттік тіл - бұл отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.
Сот жүйесі де мемлекеттік тілдің маңызын әрқашан басты орында ұстайды. Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің дамуы - сот төрелігін жүзеге асырудағы басты аспектілердің бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта сот жүйесінде мемлекеттік тілдің колдану аясы жыл сайын артып келеді, ана тілімізді сот саласында берік орнықтыру, оның беделін арттыру мақсатында жергілікті соттарда іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізіп, жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін арттыруда іс-шаралар ауқымды жүргізілуде. Яғни кіріс-шығыс, ішкі құжаттар, жедел кеңес хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және де басқа мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде рәсімделіп келеді.
Мемлекеттік тілді барынша дамытуға, беделін нығайтуға еліміздің барлық азаматтары белсенді ат салысуы керек, сонда ғана елімізде жүргізілетін барлық жүйе бойынша мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта бермек.
Мемлекеттік тілді барлық салада белсенді пайдалана отырып, дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу баршамыздың міндетіміз.
Орал қалалық соты
әкімшісінің бас маманы Д.А.Утилиева
[xfvalue_img]
