Қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында

Қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында

Халық арасында Тіл туралы заң қабылданып, тіл саясатын мемлекеттік тілдің мүддесіне шешу, Мемлекеттік тілдің мәртебесін нақты белгілеу туралы әр түрлі талаптар мен өтініштер бар.

Қазір тілдерді қолдану мен дамытудың  мемлекеттік бағдарламалары  - осының кепілі. Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті тілді дамыту және енгізу жөніндегі уәкілетті орган ретінде халық тарапынан жасалатын ұсыныстар мен талап-тілектерге баса назар аударып отыр.

Тіл туралы тапсырмаларды орындау әрбір мемлекеттік қызметшінің ғана емес, барша қазақстандықтардың да парызы. Мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты- Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызмет және қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласының барлығында да батыл қолданысқа енгізіп, Қазақстандықтардың өмірлік қажетіне айналдыру.

Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатыр.

Жақында Сырым аудандық сотына борышкерлерден өндіру туралы арыздарын орыс тілінде жолдаған талапкер өкіліне кері байланысқа шығып, неліктен орыс тілінде жолдағанын сұрадым.Оның жауабы келсім шарттарды қазақ тілімен қатар орыс тілінде жасалған. Алайда шарт екі данада орыс тілі мен қазақ тілінде дайындалғанын, орыс тілі мен қазақ тілінің бірдей күші бар екенін ал егерде қарамақайшылық немесе айырмашылық туындаған жағдайда орыс тілі нұсқасы басымдық беріледі делінген.Сол себепті орыс тілінде жолдағанын айтты. Менің ойым бұл әрине қазақ тілде жолдауға кедергі емес қазіргі уақытта барлық құжаттар, іс-қағаздар мемлекеттік тілде орындалыуы тиіс.

Кез келген тілдің болашағы - балалардың, жастардың қолында екені рас. Балалардың тілді білмеуі, ұмытуы - ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан ең әуелі мемлекеттік органдарда және жеке ұйымдарда, әрбір отбасы өз шаңырағындағы тіл саясатын түзеуі шарт. Әр отбасында отбасылық тілді дамыту бағдарламасы жасалмаса, мемлекет тарапынан жасалатын барлық іс-шара өзін-өзі ақтамайды.

Сондықтан, қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында.

БҚО.Сырым аудандық сотының

аға сот приставы И.А.Садыков                                                                     

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.