Тіл-ең асыл құндылық

Тіл-ең асыл құндылық

Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы –ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі-мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу-біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау –өз  халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.

Қазақстан-көп ұлтты мемлекет. Ұлтаралық келісім өзара жарасымын  тапқан, тату елміз. Алайда, қазақ тілі әр қазақтың ар-ожданы, мақтанышына  айналуы тиіс. Осы орайда Бауыржан Момышұлының «анамыздың ақ сүтімен бойымызға  дарыған  тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»- деген сөзді әрбір қазақ ұғынса, біздің  тіліміздің жағдайы дәл қазіргі қалпынан әлдеқайда жоғары деңгейде болар еді.

Мемлекеттік тіл-аса маңызды да ең өзекті мәселе, тіл-қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі болып табылады. Ол-ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу-өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс. Ол үшін  тіл білуді мақсат тұтып, алдына талап қоя қажымай ізденіп, айрықша көңіл бөліп, аянбай еңбектенсе, мемлекеттік тілді меңгерері анық.

Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет»-деп айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс.

Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы болашағы, шығар  биіктері  саяси-экономикалық факторлармен қатар, оның мемлекеттік тілі-қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда анық айқындалған. Елбасымыз да «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде!» деп қадап көрсетті.

Тәуелсіздіктің  негізгі тірегі-ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да –тіл. Ол-қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл-ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі.

Тілдің тағдыры-баршамыздың қолымызда.

Г.К.Нұрабалиева 

БҚО,Сырым аудандық соты

әкімшісінің бас маманы                              

    

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.