Әзербайжан судьялары Қазақстанның Жоғарғы Сотына келді

Әзербайжан судьялары Қазақстанның Жоғарғы Сотына келді

◾️ Қазақстанның жоғары сот органында Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Санан Гаджиев бастаған Әзербайжан судьяларының делегациясы болды.

◾️ Әзербайжан судьяларының Астанаға бұл жұмыс сапары - соңғы үш жылдағы үшінші сапары. Соның аясында делегация Қазақстан соттарында жүргізіліп жатқан реформаларды егжей-тегжейлі зерделеуді жоспарлады.

◾️ Әзербайжандық делегацияның келуіне орай ізгі тілегін жеткізе отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге және бұзылған құқықтарды қорғауға бағытталған сот реформасының негізгі бастамаларына тоқталды.

◾️ Олардың қатарында - әкімшілік әділетті дамыту (азаматтар мен кәсіпкерлер мемлекеттік органдарға қарсы істердің 58 пайызын жеңеді), апелляцияның рөлін күшейту, отбасылық соттарды құру, эксаумақтық соттылықты енгізу, сондай-ақ кассациялық қадағалауды жетілдіру мәселелері бар.

◾️ Сонымен қатар, соттарды қаржыландырудың жаңа моделін енгізу арқылы судьялардың тәуелсіздігін нығайту, судьяларды кәсіби бағалау әдістемесін жетілдіру және сот ісін жүргізуді цифрландыру атап өтілді.

◾️ Аталған реформалар туралы толығырақ ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов пен ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Арыстанбек Стыбаев айтып өтті.

◾️ Одан кейін делегация республика соттарының қызметін талдаумен және мониторинг жүргізумен айналысатын Жоғарғы Соттың ахуалдық орталығының мүмкіндіктерімен таныс болды.

◾️ Қонақтарды жасанды интеллект элементтері бар IT-қызметтері, сондай-ақ роботтық процестер ерекше қызықтырды.

◾️ Сапар барысында қонақтар Жоғарғы Сотқа жылы жылы шырайлы қабылдау үшін алғыс айтып, ынтымақтастықты дамытуға екі жақты ниетті екенін атап өтті.

◾️ Сапар барысында әзербайжандық делегация елордалық соттардың, АХҚО Төрелік орталығының және Жоғары Сот Кеңесінің жұмысымен де танысуды жоспарлады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.